Меню CARMA.KZ

Toyota-ның «еншілесі» Ресейде зауыт салудан бас тартты

Hino Motors автобустар мен жүк автомобильдерін шығарумен айналысады.

Toyota-ның «еншілесі» Ресейде зауыт салудан бас тартты / Фото: Reuters
Toyota-ның «еншілесі» Ресейде зауыт салудан бас тартты / Фото: Reuters

Toyota Motor Corp. құрамына кіретін жапонның Hino Motors компаниясы автобустар мен жүк көліктерін шығарумен айналысады.

Компания 2017 жылы Мәскеу түбіндегі Химки қаласында зауыт тұрғызатынын мәлімдеген. Ол Ресейде жүк автомобильдері мен автобустарына сұраныс жоғары екенін байқаған сондай шешім қабылдаған еді.

Алайда қазір құрылыстың созылып кетуі мен салық төлеудегі қиындықтарға байланысты бұл жоспарынан бас тартып отыр, деп хабарлайды NHK.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
05.09.2022, 08:00