Тоқаев үкіметке Қазақстандағы битум тапшылығын жоюды тапсырды
Президент мұнай өндіретін елде 200 мың тоннаға жуық жол битумының тапшылығын ұят деп атады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке автожол саласына арналған битум тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды.
«Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл — ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс», — деді Тоқаев 1 қыркүйекте Парламентте Қазақстан халқына Жолдауында.
2022 жылдың мамыр айында республиканың индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл елімізде 200 мың тоннаға жуық жол битумының тапшылығы байқалатынын мәлімдеді.
Бұл тапшылықты жою үшін ИИДМ басшысы ресейлік битумды әкелуге шектеуді алып тастауды ұсынды. Сонымен қатар, биылғы жазда ел Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында битум тапшылығы әдейі жасалып деп атап, бұл мәселені шешуді ұсынды. Тиісінше, үкіметтің назарын осы материалдың ішкі өндірісінің әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына аударды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы құрылыс маусымы басталған кезде қазақстандық битумның құны үш есеге өсетінін айтты. Мәселен, оның бір тоннасы 90 мыңнан 250 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Осы ретте елдің атқарушы биліктеріне бұндай үйлеспеушілік мәселесін шешуді тапсырды. ИИДМ мәліметтері бойынша, қазір Қазақстанда жол битумын шығаратын «Caspi Bitum», «ПМХЗ», «Qazaq Bitum» және «Асфальтобетон-1» төрт бірдей зауыт жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн тонна битум шығаруға жетеді.
ИИДМ-нің айтуынша, бұл көлем 2022 жылы 1,1 млн тоннаны құрайтын Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін толықтай жабады. Қазіргі тапшылықты жою үшін, елдің энергетика министрлігі Өскенбаевтың ұсынысымен келісіп, биыл Ресейден гудрон (битумның негізгі құрамдас бөлігі) импортына квотаны 280-ден 430 мың тоннаға дейін ұлғайтты. Сондай-ақ, зауыттарды қыста жүктеу үшін қысқы-көктемгі кезеңде жол битумының бірыңғай сатып алушыны құруды ұсынды.
Сонымен қатар, Энергетика министрлігінде Ақтаудағы «Caspi Bitum» қуатын арттыру көзделген. Бұл 4 зауыттың жалпы қуатын жылына 1,2-1,3 млн тонна жол битумына дейін жеткізуге және елдің ішкі қажеттіліктерін толығымен жабуға мүмкіндік береді. Бұл ретте автожолдардың жай-күйі Мемлекет басшысының сынына бұған дейін де іліккен. Ол бұл туралы биылғы 1 қыркүйекте Парламентте халыққа жолдауында айтып, еске салды.
«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл — орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», — деп мәлімдеді президент.
Егор Васильев, корреспондент
01.09.2022, 13:21