Меню CARMA.KZ

Тамыз айында қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды

Қазақстанда тамыз айында Chevrolet Cobalt моделі жоғары сұранысқа ие болды.

Тамыз айында қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Тамыз айында қазақстандықтар қандай көліктерді сатып алды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) деректеріне сүйенсек, 2022 жылғы тамызда ресми дилерлер 10 мыңнан астам жаңа жеңіл көлікті саудалады. Солардың арасында Chevrolet Cobalt моделі жоғары сұраныста болды. Қазақстандағы үздік ондыққа енген көліктердің тізімі келесідей:

  • Chevrolet Cobalt 2 193 бірлік;
  • Chevrolet Nexia — 1 136;
  • Hyundai Tucson — 804;
  • Kia Sportage — 525;
  • Toyota LC Prado — 488;
  • Hyundai Elantra — 398;
  • Kia K5 — 305 (алғаш рет қазақстандық үздік ондыққа енді);
  • Chery Tiggo 8 Pro — 275;
  • Chevrolet Equinox — 217;
  • Lada Vesta — 214.

Жыл басынан бері елімізде 75 мыңға жуық жаңа көлік саудаланды. 2022 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, Қазақстанда саудасы қызған Chevrolet болды (20 485 көлік), екінші орында — 17 789 көлік сатқан Hyundai, үшінші орында Kia (8 391) тұр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
15.09.2022, 11:54