Меню CARMA.KZ

Сарапшылар ең сенімді жол талғамайтын көліктерді атады

Ұсынылған автомобильдердің көпшілігі қазақстандық автонарықта бар.

Сарапшылар ең сенімді жол талғамайтын көліктерді атады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Сарапшылар ең сенімді жол талғамайтын көліктерді атады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

SlashGear порталы тарихтағы ең сенімді жол талғамайтын көліктің 12 түрін атады. Автокөліктерді нарықта қанша уақыт болғанына, оңай жөнделуіне және құрастыру сапасына қарап бағалады. Сарапшылардың үздік деп атаған автомобильдері:

  • Mercedes-Benz G-Class;
  • Nissan Patrol;
  • Kia Telluride;
  • Honda HR-V;
  • Chevrolet Suburban;
  • Toyota Sequoia;
  • Willys Jeep;
  • Lexus GX;
  • Toyota 4Runner;
  • Lada Niva;
  • Toyota Land Cruiser 70;
  • Toyota Land Cruiser 200.

CARMA.KZ редакциясымен әңгіме барысында Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының жетекшісі Артур Мискарян автомобильдің сенімділігін модельдің түбегейлі өзгеріссіз конвейерде қанша уақыт болғанынан анықтауға болатынын айтты. Мысалы күш агрегаты мен көліктің қарапайым құрылымы соның дәлелі деп түсіндірді.

«Бұл тұрғыдан алғанда LADA Niva, Toyota Land Cruiser 70 және сақталып қалған Jeep Willys модельдері неліктен ең сенімді көліктердің қатарына кіретіні түсінікті. Сондай-ақ, рейтингке Toyota, Lexus, Chevrolet немесе Mercedes G-Class-тың кейбір модельдерінің де енуі қисынды. Өйткені олардың барлығы рамалық құрылымға негізделген және көбінесе үлкен көлемді атмосфералық қозғалтқыштармен жабдықталған. Әдеттегі қарапайым және сенімді комбинацияға жүк көтергіш жақтау, артқы кесілмейтін көпір және үлкен атмофералық қозғалтқыш кіреді», — дейді Артур Мискарян.

Ол соңғы жылдары әлемдік нарықта ықшам және толық өлшемді жол талғамайтын көліктердің саудасы артқанын айтты. Сондықтан оларды өндіру көлемі де өсіп келеді. Жүк көтергіш шанақты және турбо қозғалтқышты көліктер көбірек өндіріле бастады. Ал автоконцерндер осындай жол талғамайтын көліктер мен кроссоверлердің сипаттамаларын жақсартуға тәжірибиелерін арттырып жатыр. 

SUV санатты автокөліктер (жол талғамайтын көліктер мен кроссоверлер) Казақстанда үлкен сұранысқа ие. Қазақстанның «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автомобиль саласы кәсіпорындары одағының деректері бойынша, 2020 жылы жергілікті нарықта сатылған әрбір үшінші жаңа автомобиль не кроссовер, не жол талғамайтын көлік болған. Сол кезде олардың 32 мыңға жуық данасы сатылған. Ең танымал Hyundai Tucson (4 903 бірлік), Hyundai Creta (3 495 бірлік) және Lada 4х4 (3 188 бірлік) көліктері болды.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
10.09.2022, 10:51