Сарапшылар әлемде көп сатылған жол талғамайтын және кроссовер көліктерді атады
2022 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша алғашқы орында Toyota RAV4 тұр.
Алғашқы жартыжылдықта SUV (кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер) сегментінде әлем бойынша ең көп сатылғаны Toyota RAV4 автомобилі болды. Бұл модель аталған нарықтың 2,5%-ын құрайды. 2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында әлемде 371 мың Toyota RAV4 автомобилі сатылған.
SUV бойынша ең көп сатылған үштіктің қатарына Hyundai Tucson мен KIA Sportage енді. Алғашқы жартыжылдықта әлем бойынша олардың әрқайсысынан 273 және 221 мың көлік сатылған, деп жазады Focus2Move талдау агенттігі.
2022 жылдың алғашқы жарты жылының қорытындысы бойынша ең танымал жол талғамайтын көліктер мен кроссоверлердің тізімі келесідей болып келеді:
- Toyota RAV4 (371 мың);
- Hyundai Tucson (273 мың);
- KIA Sportage (221 мың);
- Wuling Hong guang MINI EV (202 мың);
- VolkswagenTiguan (202 мың);
- Toyota Highlander (186 мың);
- Honda CR-V (181 мың);
- Mazda CX-5 (171 мың);
- Mercedes GLC (166 мың);
- BYD SONG (163 мың).
Бұған дейін сарапшылар автомобиль тарихындағы ең сенімді жол талғамайтын 12 көлікті атаған болатын. Автомобильдерді ұзақ қызмет етуі, жөнделудегі қарапайымдылығы мен құрастырылу сапасына қарай бағалады. Сарапшылар Mercedes-Benz G-Class, Nissan Patrol, KIA Тelluride, Honda HR-V, Chevrolet Suburban, Toyota Sequoia, Willys Jeep, Lexus GX, Toyota 4Runner, Lada Niva, Toyota Land Cruiser 70 және Toyota Land Cruiser 200 модельдеріне жоғары баға берді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
20.09.2022, 09:00