Меню CARMA.KZ

Ресейдегі Nissan зауыты 2022 жылдың соңына дейін қаңтарулы тұрады

Санкт-Петербургте жапон концернінің өндірісі биылғы наурыз айынан бері жұмыс істемей тұр.

Ресейдегі Nissan зауыты 2022 жылдың соңына дейін қаңтарулы тұрады / Фото: Nissan
Ресейдегі Nissan зауыты 2022 жылдың соңына дейін қаңтарулы тұрады / Фото: Nissan

Санкт-Петербургтегі Nissan зауыты кем дегенде 2022 жылдың соңына дейін жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Известия» ресурсы.

«Жұмыс желтоқсан айының соңына дейін тоқтап тұрады. Бұл туралы кәсіпорын қызметкерлері хабардар», — деді «Ниссан Мэнуфэкчуринг Рус» баспасөз қызметінің өкілі.

Жұмыс барысын тоқтату себебі — Еуропа мен Жапониядан қосалқы бөлшектерді жеткізудегі қиындықтар. Маусым айының соңында жапондық БАҚ Nissan құрамдастардың жетіспеушілігіне байланысты, өндірісті қазан айына дейін іске қоспайды деп хабарлаған болатын.

Сол кезде Nissan компаниясы 2022 жылдың ақпан айының ортасында саудаға шыққан Nissan Pathfinder жол талғамайтын көлігінің жаңа буынын Ресейге жеткізуді де тоқтатты. Ресейде Renault өндісін тоқтатқан соң, Мәскеудегі «Рено Россия» зауытының қуаттарында құрастырылып келген Nissan Terrano кроссовері де шығарылмайтын болады.

2022 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Ресейде 14 мың 620 Nissan автомобилі сатылған, бұл былтырғымен салыстырғанда 54,1%-ға аз, делінеді Автостат агенттігі мен «Электронды төлқұжат» АҚ деректерінде. Ресей нарығында Nissan-ның ең көп сұралған модельдері: Qashqai — 6 мың 436 (-47,1%), Nissan X-Trail — 5 мың 386 (-51,6%), Nissan Murano —1 мың 801 (-73,4%) болды.

Қазақстанда Nissan-ның саудасы одан да төмен — Қазақстандық Автобизнес Қауымдастығының деректері бойынша, сегіз айдың қорытындысында жапон өндірушісі Қазақстандағы сауда көрсеткіші жағынан 17-орында тұр: қаңтардан бастап тамыз аралығында елімізде осы марканың 904 көлігі сатылған. Былтырғы сегіз айда сатылған 2 мың 258 бірлікпен салыстырғанда биылғы сегіз айдағы көрсеткіш 60%-ға құлдырағанын аңғарамыз.

Қазақстанда Nissan саудасы былтырғы тамызбен салыстырғанда биылғы тамызда 86,4%-ға төмендеп кетті: 2022 жылдың тамызында қазақстандық көліксүйер қауым осы марканың бар болғаны 45 автомобилін сатып алды, ал былтырғы тамызда бұл көрсеткіш 331 автомобиль болған еді.

Әлемдік саудаға келер болсақ. Renault-Nissan-Mitsubishi альянсы биылдың алғашқы жартысында 3,14 млн автомобиль сатып, Toyota (5,13 млн), Volkswagen (4 млн) және Hyundai-дан (3,29 млн автомобилей) кейін төртінші орынға тұрақтады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
14.09.2022, 17:13