Меню CARMA.KZ

Ресейде жаңа дөңгелектердің бағасы арзандады

Жазғы дөңгелектердің бағасы 2022 жылдың наурыз айында қатты шарықтап кеткен болатын.

Ресейде жаңа дөңгелектердің бағасы арзандады / Фото: canva.com
Ресейде жаңа дөңгелектердің бағасы арзандады / Фото: canva.com

2022 жылғы маусым-тамызда жазғы дөңгелектің орташа бағасы қаңтар-ақпанға қарағанда 5-6%-ға төмен болды. Алайда наурыз айында олардың бағасы тым қымбаттап кеткен болатын. Ол кезде жазғы дөңгелектердің бағасы 2022 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 30%-ға өскен.

Барлық маусымдық дөңгелектерге келетін болсақ, маусым-тамыз айларында олар қаңтар-ақпанға қарағанда әлдеқайда арзан болады. Бір қызығы, дөңгелектердің бағасы әр ай сайын арзандағанымен, сәуір айында орташа құны бірден 8%-ға өсіп шыға келді.

«Екі сегментте де орташа баға, ең алдымен, қымбат дөңгелектерге сұраныстың азаюына байланысты төмендеді», — деп жазды Ұлттық өнеркәсіптік ақпарат агенттігі (Ресей).

Осыған дейін CARMA.KZ редакциясы қазақстандықтардың жаңа көлікке қызмет алу шығындарының қаншалықты өзгергенін зерттеп көрген. Бәрінен де импорттық шығыс материалдары қымбаттап жатқаны белгілі болды. Бұған автомобильге қызмет қөрсету құнына тікелей әсер ететін бағамның құбылуы себеп болып отыр.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
01.09.2022, 11:33