Меню CARMA.KZ

Ресейде такси қызметінің бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін

Мемлекеттік Думаның қарауына жолданған «такси туралы заң» қабылданатын болса, ол бағаның қымбаттауына себеп болғалы отыр.

Ресейде такси қызметінің бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ресейде такси қызметінің бағасы екі есе қымбаттауы мүмкін / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Ресейде «РФ-да жеңіл таксимен жолаушылар мен жүкті тасымалдауды ұйымдастыру туралы және жекелеген заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қабылданған жағдайда таксимен сапарлау құны екі есеге қымбаттауы мүмкін, деп жазады ren.tv сайты.

Аталмыш заң жобмасы Мемлекеттік Думаның қарауында жатыр. Ол ЖКО болған жағдайда таксист пен агрегатордың (такси қызметін ұйымдастырушы) ортақ жауапкершілігін қарастырмақ, сонымен қатар агрегатор жүргізушіге қарағанда көбірек материалдық жауапкершілік арқалайды. Қоғам өкілдерінің пікірінше, бұл Ресейде такси қызметінің бағасын кемінде 50%-ға өсіреді.

«Егер агрегатордан шығынды толық көлемде жақын аралықта өндіру мүмкін болған жағдайда жолаушы одан шығынды өндіру талабын қоя алады, — дейді Жалпыресейлік жолаушылар бірлестігінің төрағасы Илья Зотов. — Агрегатор, әрине, төлейді, бірақ ол өзінің тәуекелдерін есепке алатын болады. Бұл сапар бағасының 50% және одан да әрі өсуіне алып келеді».

Сарапшының пікірінше, заң жобасындағы ортақ жауапкершілікті субсидиарлықпен алмастыру қажет, яғни агрегатор ЖКО салдары үшін апатқа кінәлі жүргізушіден соманы өндіре алмаған жағдайда ғана есептесуі тиіс. Алайда мұнымен заңгер Андрей Печнин келіспейді. Ол агрегаторлар ылғи да жауапкершіліктен сытылып кетіп жүргенін айтады.

«Агрегатор бүгінде тек аталған мәселе бойынша сот шешіп шығарып, оны жауап берушілердің қатарына қосқан болса ғана жауапты мойнына алып жүр. Ол өте сирек кездесетін жағдай, себебі агрегатор қай кезде де өзінің тек ақпарат беруші ғана екенін алға тартып,  өзі ақпарат ұсынған жүргізушінің әрекеті үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды», — деді заңгер.

ЖКО үшін агрегатордың жауапкершілігін енгізумен қатар заң жобасы такси жүргізушісіне қатысты бірқатар шектеулерді енгізгелі жатыр. Атап айтқанда агрегатормен жұмыс істеуге 3 жылдан артық өтілі бар жүргізушілер ғана үміткер бола алады. Ал егер таксистің мойнында үшеуден артық айыппұлы бар немесе көлік жүргізу құқығынан  екінші мәрте айырылған болса, онда ол такси қызметімен айналыса алмайды.

Сондай-ақ жүргізуші  автомобиль жүргізу құқығынан айырылу мерзімі аяқталған күннен бастап бір жылға дейін «такси» қызметімен айналыса алмайды. Федералдық заң жобасының 22 бабында  жеңіл такси тізбелерінің мемлекеттік ақпараттық жүйесін құру қарастырылған. Оның аясында атқарушы билік органдары осы тізбелерді жасауға мүмкіндік алатын болады.

Осындай үш тізілім жасау қарастырылып жатыр: олар таксиге тапсырыс қызметінің аймақтық тізбесі, жеңіл таксимен тасымалдаушылардың аймақтық тізбесі, сондай-ақ аймақтық жеңіл такси тізбесі. Бұл тізбелерге көлік құралдары туралы деректер енгізіліп, оны тасымалдаушы пайдалануына рұқсат етілетін болады.

Сонымен қатар құжатта жеңіл таксиге тапсырыс қызметі ФҚҚ-ға ақпараттық жүйелер мен деректер базасына автоматты түрде қашықтан қолжетімділікпен қамтамасыз ету міндетті екенін жазылмақшы.

Таксистерге сондай-ақ өз көліктеріне жүргізушінің шаршап, ұйықтап кетуін бақылау қондырғысын орнатуды міндеттемекші. «Цифрлы көлік және логистика» қауымдастығының бас сарапшысы Андрей Ионин мұндай бастаманы қолдайды. Цифрлық жаңашылдықтар көліктегі қауіпсіздік деңгейін арттырмақ. Сонымен бірге ЭРА-ГЛОНАСС базасында жүргізу стилін мониторингілеу қондырғысын енгізуді ұсынып отыр.

Заң жобасындағы бастамаларға сәйкес, тәуліктің уақытын, аптанын күнін, жайлылық санатын және басқа да ерекшеліктерді ескеретін жеңіл таксимен тасымалдау тарифтерін тасымалдаушы өзі жасайды. Сондай-ақ тасымал үшін ақы таксометрдің көрсеткішіне сәйкес төленбек.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
13.09.2022, 12:55