Меню CARMA.KZ

Ресейде қандай көлік түрі жиі ұрланған

Биылғы жазда Ресейде ең жиі ұрланған Hyundai Santa Fe көлігі болды. Үш бірдей сақтандыру компаниясы бұл модельді жиі қолды болатын көлік деп атады.

Ресейде қандай көлік түрі жиі ұрланған / Фото: Depositphotos
Ресейде қандай көлік түрі жиі ұрланған / Фото: Depositphotos

Ресейде 2022 жылдың маусымы мен тамызы аралығында Hyundai Santa Fe кроссовері бәрінен жиі ұрланған — бұл модель көрші елдің үш сақтандыру компаниясының антирейтингін бастап тұр, деп жазады Autonews.ru ресурсы.

Ресейлік басылым сақтандырылған көліктердің ұрлануы жөніндегі деректері негізінде биылғы жаздағы ең көп қолды болғандарының өз рейтингін жасапты. Оған зер салсақ, осы жазда ресейлік көлік барымташылары корея және жапон өндірісінен шыққан көліктерге жиі көздері түскен: бірден үш сақтандыру компаниясының статистикасы бойынша ең жиі ұрланған көлік — Hyundai Santa Fe болып шықты. Сондай-ақ аталмыш антирейтингтің алдыңғы орындарынан Kia Rio мен Mitsubishi Outlander де көрінді. Ал жүк көліктері арасынан ұрылар КамАЗ маркалы автомобильдеріне жиі қызығатын болған.

«АльфаСтрахование» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметінің дерегінше, 2022 жылы негізінен кең таралған модельдердің автомобильдері көп ұрланған, керісінше қымбат автомобильдер аз ұрланыпты. Сарапшылар ұрланған қымбат автомобильдердің әдетте жақын шетелдерге ізі суытылатын, ал қазір батыстың санкцияларына байланысты өткізу жолдарының жабылып қалуынан деп түсіндіреді. Осыдан соң көлік ұрылары елдің өз ішінде ұрлау да, сатып жіберу де оңай қолжетімді маркалар мен модельдерді ұрлауға көшкен.

«Қылмыскерлердің ресейлік УАЗ-дарға да көздері түскені байқалып отыр — биылғы жазда бұл марканың ұрланған автомобильдерінің саны антирейтингтің көшбасында тұрғандардың көрсеткішіне жақындап қалды», — деп атап өтті Росгострах мекемесінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жаздың үш айында Ресейде сақтандырылған автобильдердің 173-і ұрланыпты, ал жыл басынан 1 қыркүйек аралығында 579 осындай автокөлік жоғалған. Сонымен қатар ұрлану саны бойынша ақпан (113 рет көлік ұрланған) ең мазасыз ай болып шықса, ал ең тыныш ай тамыз (барлығы 47 көлік ұрланған) болған. Аймақтар бойынша сақтандырылған көліктерді көбінесе Мәскеу мен Мәскеу облысында, сондай-ақ Санкт-Петербургте жиі қолды қылады.

Сауал жолданған сарапшылардың айтуынша, ұрылар үшін әсіресе кілтсіз көліктерді айдап кету оңай. «Угона.Нет» компаниясының негізін салушы Алексей Курчанов кейбір тыйым салынған қондырғылардың көмегімен 30 секундтың ішінде көлікті ашуға болатынын айтады. Тіпті ол үшін көлік мінушілердің арасында жақсы таныс ретранслятор құралының да қажеті жоқ екен.

«Мұндай жүйелер түпнұсқа кілті болып көріне береді: ұрылар қондырғының батырмасын басып, кілтсіз девайстың белгісін салыстырып оқиды. Мұндай тәсіл әсіресе корея автомобильдері, оның ішінде Hyundai Santa Fe мен Hyundai Tucson үшін жақсы әрекет етеді. Бұл көліктер кілтсіз қолжеткізумен жабдықталған, сол себептен де жиі ұрланатын болып отыр», — деп түсіндірді Курчанов корея маркаларының жиі ұрлану сырын.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
21.09.2022, 10:47