Меню CARMA.KZ

Ресейде электромобильдер шығаратын зауыт іске қосылады

Бұл туралы ресми түрде 2022 жылдың 28 қыркүйегінде жарияланады, өндірістің нақты қашан іске қосылатыны белгісіз.

Ресейде электромобильдер шығаратын зауыт іске қосылады / Фото:  iStock
Ресейде электромобильдер шығаратын зауыт іске қосылады / Фото: iStock

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Ресейдің Липецк облысындағы «Моторинвест» зауытының іске қосылатыны жарияланбақшы. Онда жергілікті Evolute i-PRO электромобильдері шығарылады деп күтіліп отыр,  деп жазады «Новая газета» ресурсы.

Жаңа электрлі седан қытайлық Dongfeng Aeolus E70 негізінде күштік қондырғысы аздап өзгертіліп әзірленіп отыр. Автокөліктің жүру қоры 420 шақырымды құрайды.

Бірінші тапсырыс беруші «РусГидро» компаниясы болды. Ол Приморск өлкесінде электрокаршерингті дамыту үшін 40 Evolute i-PRO жеткізу туралы «Моторинвест»-пен келісімге қол қойды.

Evolute i-PRO-дан басқа, «Моторинвест» 2022 жылдың соңына дейін Evolute I-JOY кроссоверлерінің және i-VAN минивэнтерінің (екеуі қытайлық Seres S3 және Dongfeng LingZhi негізіндегі электромобильдер) өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Зауыттың жоспары бойынша, 2023 жылы шығарылатын электромобильдердің модельдік желісі 5 көліктен тұратын болады. Ал болашақта кәсіпорынның қуаттылығы жылына 100 мың автомобильді құрайды.

Сондай-ақ, 2022 жылдың соңына дейін Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Төменгі Новгородта, Краснодарда, Сочиде, Дондағы Ростов, Қазанда, Липецк пен Воронежде алғашқы Evolute дилерлік орталықтары пайда болады. Автокөлікті жеңілдікпен автонесиелендіру аясында сатып алуға болады, ол 925 мың рубльге (7,6 млн теңге) дейінгі жеңілдікті білдіреді.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
25.09.2022, 14:17