Қытай ұсталған автомобильдердің экспортын арттырып жатыр
Бұған қытай брендерінің әлемге таныла бастауы ықпал етті.
2022 жылдың алғашқы жартысында Қытай 16 мыңнан аса ұсталған автомобиль экспорттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 1 мыңға көп. Сонымен қатар Қытайдың жүрілген автомобильдерінің бағасы да бірнеше есеге өскен. Егер 2019 жылы Аспанасты елінің жүрілген автомобилі орташа алғанда 4,9 мың доллар (2,3 млн теңге) тұрса, ал 2021 жылы баға 15 мың долларға дейін (7,1 млн теңге) өсті.
2022 қаңтар мен шілде аралығында Taizhou Customs дилерлік желісі 5,6 мың ұсталған автомобиль экспорттаған. Салыстырар болсақ, тұтас 2021 жыл ішінде компания шетелге 3,8 мың автомобиль сатқан. Қытай көліктері Шығыс Еуропа, Африка және Орталық Шығыста сұранысқа ие.
Сарапшылар Қытайдан жүрілген автомобильдер экспортының өсуін қытайлық брендтердің танымал болуынан деп түсіндіреді. Әсіресе 2021 жылы жаңа көліктерге тапшылық орнап, әлемнің көліксүйер қауымы қытай өндірушілеріне қызығушылық білдіре бастады. Осы жылы Аспанасты елі 2 млн-нан астам автомобиль экспорттады.
Қытай үкіметі 2019 жылдан бері ұсталған автомобильдер экспортына барынша қолдау білдіріп келеді. Билік осылайша елдің ішкі автопаркін тұрақты тұрде жаңартып тұрмақшы, деп жазады Chinadaily.
Әйтсе де сарапшылардың айтуынша, Қытай шетелге тек жүрілген бензинді көліктерді ғана жеткізе алады, себебі көптеген кеме қатынасы компаниялары электромобильдер мен олардың аккумуляторларын қауіпті жүк деп белгілеп, оларды тасымалдаудан бас тартып отыр.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
20.09.2022, 14:02