Меню CARMA.KZ

Қазақстанда төртінші мұнай зауытын салу әлі де өзекті мәселе

Алайда энергетика министрлігі Шымкент МӨЗ-інде өндірісті ұлғайтуды ұсынып отыр.

 Қазақстанда төртінші мұнай зауытын салу әлі де өзекті мәселе / Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Қазақстанда төртінші мұнай зауытын салу әлі де өзекті мәселе / Фото: rus.azattyq-ruhy.kz

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу өзекті мәселе күйі қалып отыр, деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов. Олар биылдың басынан бері ведомствода бұл мәселе қызу талқыланып келгенін айтты. Алайда қазір энергетика министірлігі Шымкент МӨЗ-ін кеңейту тиімді болады деп санайды.

«Ең басты міндет — баланстың болуы, яғни ішкі қажеттіліктерді жабу және экспорттау үшін қандай да бір профицит ұстау. Бірақ егер тағы 5 немесе 10 млн тонна қуаттылыққа жаңа зауыт салсақ, онда біз тауарбастылыққа тап боламыз, өйткені оны экспорттау үшін жақын елдерде қажетті сыйымдылық жоқ», — деп мәлімдеді министр ОКҚ брифингінде.

Қазір Шымкент мұнай өңдеу зауыты жылына 6 млн тонна өндіреді. Барлық қажетті жұмыстарды жүргізгеннен кейін оның қуаттылығы жылына 9 млн тоннаны құрайтын болады. Болат Ақшолақов зауыт әуел баста жылына 12 млн тонна отын өндіруге жоспарланғанын, сондықтан мұндай көрсеткіштерге қол жеткізуге болатынын айтты.

Ол МӨЗ-ді кеңейтуге шамамен 3-4 жыл қажет болады деп атап өтті. Қазір әртүрлі техникалық мән-жайлары талқыланып жатыр.

Бұған дейін Болат Ақшолақов «дизельге бұрын-соңды болмаған сұранысқа» байланысты ведомство барлық 3 мұнай өңдеу зауытын жоспарлы жөндеуден өткізуді қайта қарайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ, зауыттардың жүктемесін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Энергетика министрлігі дизельмен бірінші кезекте — ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен ЖҚС желілерін, екінші кезекте өнеркәсіп кәсіпорындары мен ҚТЖ-ны қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Отын жетіспеген жағдайда дизель басқа елдерден сатып алынады.

Осыдан кейін Қазақстанның Ресейден 100 мың тонна дизель импорттайтыны белгілі болды. Ол 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында жеткізілмекші.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
06.09.2022, 10:42