Меню CARMA.KZ

Қазақстанда Қытай автомобильдерін шығаратын зауыт ашылады

Мультибрендті кәсіпорын Chery, Haval және Changan көліктерін шығаратын болады.

Қазақстанда Қытай автомобильдерін шығаратын зауыт ашылады / Фото: китайские-автомобили.рф
Қазақстанда Қытай автомобильдерін шығаратын зауыт ашылады / Фото: китайские-автомобили.рф

«Астана Моторс» Қытайдың Chery Automobile Company, Changan International Corporation және Great Wall Motor автомобиль концерндерімен меморандумға қол қойғанын жариялады. Бұл келісімге сәйкес, қазақстандық компания Chery, Haval және Changan көліктерін шығару құқығын иеленді.

2023 жылы «Астана Моторс» Алматыдағы индустриялық аймақта мультибренд зауытының құрылысын бастайды. Ал кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады. Жаңа зауыттың қуаты жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндік береді деп жоспарлап отыр. Олардың көп бөлігі ТМД елдеріне экспортталады.

«Кәсіпорын автомобильдердің барлық көлемін дәнекерлеу және шанағын бояу арқылы, тек ұсақтораптық әдіспен өндіретін болады», — деп хабарлайды «Астана Моторс».

Естеріңізге сала кетейік, автокөлік нарығын талдау және мониторингілеу орталығының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізде 2 981 қытай маркалы көлік сатылды:

  • JAC — 1 231 көлік;
  • Chery — 995;
  • HAVAL — 499;
  • EXEED — 256.

Бұған дейін қазақстандық First Motor Group компаниясы Chery Tiggo 8 PROMax кроссовері нарыққа шыққанын хабарлаған. Автокөліктің құны 18,9 млн теңгеден басталады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
15.09.2022, 15:45