Меню CARMA.KZ

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады

ІІМ Қазақстандағы жиі мініп кететін көліктерді атады

Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады / Фото: kolesa.kz
Қазақстанда қандай көліктер жиі ұрланады / Фото: kolesa.kz

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл басынан бері  Toyota маркасының көліктерін жиі  мініп кетеді. Сонымен бірге, Mazda, Mercedes, Volkswagen және Lexus көліктеріне де ұрылардың жиі көзі түседі.  

Айта кетейік, 2020 және 2021 жылдардың қорытындысы бойынша, Toyota Қазақстандағы ең көп ұрланған көліктердің көш басында тұр. Жиі ұрланатын басқа брендтердің автомобильдері бойынша өзгерістер бар. Мәселен, 2020 жылы Toyota-дан басқа Lexus, Nissan, Mercedes және Hyundai көліктері, ал 2021 жылы  Mercedes, Mazda, Hyundai және BMW ұрланған екен.

2022 жылдың басынан бері елімізде 1 160 көлік жымқырылғаны тіркелген. Оның ішінде 229 көлік ұрланған және 931 көлікті мініп кеткен. Ұрланған сол көліктердің 192-сі ғана иелеріне қайтарылды, делінген ІІМ-нің CARMA.KZ редакциясының сауалына жолдаған жауабында.

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
28.09.2022, 16:05