Қазақстанда көліктерді қай өңірлерде және қаншалықты жиі ұрлайды
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері мыңнан астам көлікті мініп кеткен.
Көліктерді мініп кету саны бойынша Алматы, Астана, сондай-ақ Алматы және Қостанай облыстары алдыңғы қатарда тұр. Қазақстанның ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері елімізде 1 160 көлік ұрлығы (229 ұрлық және 931 мініп кету) тіркелген. 2020 және 2021 жылдармен салыстырсақ, екі жылдың әрқайсысында 2 106 және 1 869 құқық бұзушылық болған.
Ұрланған көліктердің көп бөлігі Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қостанай облыстарында тіркелді, деп хабарлады ІІМ CARMA.KZ редакциясының ресми сауалына:
- Астана — 112 жымқыру (17 ұрлық және 95 мініп кету);
- Алматы — 151 жымқыру (51 ұрлық және 100 мініп кету);
- Шымкент — 67 жымқыру (17 ұрлық және 50 мініп кету);
- Ақмола облысы — 53 жымқыру (3 ұрлық және 50 мініп кету);
- Ақтөбе облысы — 54 жымқыру (10 ұрлық және 44 мініп кету);
- Алматы облысы — 117 жымқыру (16 ұрлық және 101 мініп кету);
- Атырау облысы — 23 жымқыру (4 ұрлық және 19 мініп кету);
- Шығыс Қазақстан облысы — 80 жымқыру (2 ұрлық және 78 мініп кету);
- Жамбыл облысы — 49 жымқыру (15 ұрлық және 34 мініп кету);
- Батыс Қазақстан облысы — 67 жымқыру (4 ұрлық және 63 мініп кету);
- Қарағанды облысы — 88 жымқыру (28 ұрлық және 60 мініп кету);
- Қызылорда облысы — 30 жымқыру (13 ұрлық және 17 мініп кету);
- Қостанай облысы — 10 жымқыру (30 ұрлық және 80 мініп кету);
- Маңғыстау облысы — 29 жымқыру (5 ұрлық және 24 мініп кету);
- Павлодар облысы — 50 жымқыру (9 ұрлық және 44 мініп кету);
- Солтүстік Қазақстан облысы — 44 жымқыру (2 ұрлық және 42 мініп кету);
- Түркістан облысы — 30 жымқыру (3 ұрлық және 27 мініп кету).
ІІМ жыл басынан бері құқық қорғау органдары ұрланған 192 көлікті тапқандарын атап өтті. 2020 және 2021 жылмен салыстырсақ, 401 және 309 көлік қожайындарына қайтарылды. Ал көлікті мініп кету қылмыстарын ашу деңгейі 80%-дан асты.
Ербол Казистаев, корреспондент
28.09.2022, 11:01