Меню CARMA.KZ

Қазақстанда автомобильдердің саны бір жылда 9%-ға өсті

Сонымен қатар елімізде тіркелген автомобильдердің саны 2022 жылдың шілдесінде маусымға қарағанда 100 мың бірлікке азайған.

Қазақстанда автомобильдердің саны бір жылда 9%-ға өсті / Фото: elements.envato.com
Қазақстанда автомобильдердің саны бір жылда 9%-ға өсті / Фото: elements.envato.com

Қазақстанда есепке қойылған көліктердің саны бір жылда (2021 жылдың тамызы мен 2022 жылдың тамызы аралығы) 8,9%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 млн 362 мың бірлікті құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3 млн 973,7 мың автомобиль) 8,9%-ға көп. Сонымен қатар биылғы маусымға қарағанда елімізде тіркелген автомобильдердің саны 100 мыңға азайған: 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркеуде тұрған Қазақстанның автомобиль паркі 4 млн 456,3 мың бірлікті құрайды.

Қазіргі таңда республикалық автопарктің 87,7%-ы жеңіл автомобильдерден, 10,4%-ы — жүк көліктерінен және 1,9%-ы автобустардан тұрады. Биылғы шілдеде 93 бірлік көлік құралы есепке қойылды, олардың 93%-ы (86,5 мың бірлік) жеңіл көлік, 6,3%-ы — жүк көлігі (5,8 мың бірлік), 0,7%-ы — автобус (0,7 бірлік). Ал маусым айында 101,7 мың бірлікке өскен болатын. Ол айда өсім 95,8 мың бірлік жеңіл көліктің есебінен болған.

Алайда егер Қазақстанда шілдеде жеңіл автомобильдерді тіркеу бойынша алдыңғы аймен салыстырғанда құлдырау болса, ал жүк көліктері көп тіркелген — маусымда 5,2 мың бірлік жүк көлігі есепке қойылыпты. Автобустар бойынша көрсеткіш сол күйі қалып отыр — 0,7 мың бірлік. Ал 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда барлық көлік түрлері бойынша көрсеткіш өскен: жеңіл көліктер — 8,9%, жүк көліктері — 10,1%, автобустар — 8,7%.

Аймақтар бойынша Түркістан облысында жыл бойы автомобиль саны артып отырған. Мұнда 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 172 мың 469 автомобиль есепке қойылған немесе 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 21,2%-ға көп. Екінші орында — Шымкент қаласы — 137 мың 187 автомобиль есепке қойылған немесе былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,3%-ға көп. Үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы — жыл ішінде 1,5%-ға өскен (304 мың 953 автомобиль).

Сонымен қатар аймақтардың көпшілігінде (18-дің 14-інде) былтырғы шілде айымен салыстырғанда тіркелген автомобильдердің саны төмендеп кеткен: ең қатты төмендеу Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелді (10,2%), екінші орында Атырау облысы (-3,5%) және Маңғыстау облысында қатты төмендеді (2,5%). Қарағанды (-0,1), Павлодар және Алматы облыстарында (-0,3%) салыстырмалы түрде алғанда аздаған құлдырау болған.

Жеңіл автомобильдер паркі бәрінен де Түркістан облысында (+20,8%), Шымкентте (+12,7%) және Нұр-Сұлтанда (+1,3%), жүк көліктері — Түркістан облысында (+26,4%), Шымкентте (+22,2%) және Алматы (+3,8%) қалаларында өсті. Автобустарды тіркеу бойынша ең көп өсім көрсеткен тағы да Түркістан (+40,1%), сондай-ақ Ақтөбе (+5,9%) облыстары және Алматы (5,3%) болды. Жеңіл, жүк көліктері және автобустар паркі бойынша айтарлықтай өсім көрсетпеген ОҚО болды ( сәйкесінше -11%, — 6,4% және 4,1%).

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
14.09.2022, 13:20