Қарағанды облысында көлік газының бағасы 2022 жылдың соңына дейін қымбаттамайды
Бүгінде Қарағанды облысында сұйытылған мұнай газының шекті бағасы литріне 70 теңгені құрайды.
Қарағанды облысында сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2022 жылдың соңына дейін литріне 70 теңге деңгейінде қала береді. Ал 2023 жылдың басынан СМГ биржаға шығарылмақшы.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2022 жылдың шілдесінде министрлік биржалық сауданың типтік ережелерін әзірлеген, ол ережелер газ бағасының күрт қымбаттауына жол бермейді.
«Шараның бірі ретінде белгіленген бөлшек баға бойынша өндіруші зауыттардың сұйытылған мұнай газына шекті көтерме бағаларды белгілеу ережелері енгізілді», — деп мәлімдеді Болат Ақшолақов Қарағанды облысына іссапары барысында.
Энергетика министрлігінің деректері бойынша, Қарағанды облысында 8 газ құятын станция мен 180-ге жуық автомобиль газын құятын станция бар. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, аймақ 82 мың тонна сұйытылған мұнай газын тұтынған. 2022 жылдың қаңтар-тамызындағы тұтынған көлемі — 53,2 мың тонна шамасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда жарты жыл уақытқа әр аймаққа байланысты сұйытылған мұнай газына литріне 50 теңгеден 75 теңге аралығында шекті баға бекіткен болатын.
2022 жылдың ақпанында Болат Ақшолақов зауыттар СМГ-ны шығынмен саудалап отырғанын, өйткені газды өндірудің өзіндік құны белгіленген шекті бағадан жоғары екені мәлімдеді.
Ведомство Қазақстандағы сұйытылған газ нарығын зерттеп, газ саудасында «пайдасыз делдалдар» бар. Олардың не өндірістік қуаттылықтары, не отын құю бекеттері, не газ құятын станциялары жоқ, сонда да газ бөлу жүйесіне еніп алған деген қорытындыға келген.
Энергетика министрлігі, аталмыш делдалдарды газ бөлу жүйесінен шығару арқылы ведомство өндірушілер мен бөлшектеп сатушылар арасында СМГ-ны сатудан кіретін кірістілікті бөлуге болады деп санайды. Дегенмен ол отандық кәсіпорындар өз өнімдері үшін қазіргі кезде шекті тарифтерден алып отырғандай емес, одан көп ақша алулары керек деп атап өтті.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.09.2022, 19:00