Нұр-Сұлтанда жаңа Chevrolet Traverse моделінің тұсаукесері өтті
Жаңа Chevrolet Traverse Қазақстанда Premier жиынтығында қолжетімді болады.
Нұр-Сұлтанда 2022 жылғы жаңа Chevrolet Traverse моделінің тұсаукесері өтті. Жол талғамайтын көлік осы жылдың 9 қыркүйегінен бастап нарыққа шығады. Автомобильдің құны 33 млн теңгеден басталады.
2022 жылдың жеті айының қортындысы бойынша Chevrolet Қазақстандағы сұранысқа ие автомобиль брендтерінің рейтингіне еніп отыр. Аталған уақыт аралығында қазақстандық көлік әуесқойлары осы марканың 16 521 автомобилін сатып алған.
Естеріңізге сала кетейік, ресми дистрибьютор Allure компаниясының құрамына кіреді.
Chevrolet Traverse толық жетекті кроссоверінің ұзындығы — 5189 мм, биіктігі — 1795 мм және ені 1996 мм-ды құрайды. Автомобильдің дөңгелек базасы — 3 071 мм, ал оның жол саңылауы — 200 мм. Жабдықталған массасы 2 070 кг-нан аспайды, ал максималды рұқсат етілген салмағы — 2 800 кг. Жеті орындық автомобильдің, екінші, үшінші қатар орындықтарын жатқызған кезде, көлемі 651 литрге дейін жүк салатын кеңістік туады.
«Chevrolet Traverse — өз санатындағы ең үлкен кроссовер. Көлемі 3,6 литр және қуаты 318 ат күшіне тең V6 қозғалтқышы автоматты 9 сатылы беріліс қорабымен жұптасады. Максималды жылдамдығы — 210 км/сағ. Chevrolet Traverse-де 3 жүргізу режимі бар: 2WD, 4WD және Off Road. Интеллектуалды жетек жүйесі тайғақ немесе қарлы жолдарда автокөлікті басқаруды бақылайды, ал алдыңғы жетек режимі қосымша отын үнемдеуді қамтамасыз етеді», — делінген Қазақстандағы Chevrolet-тің ресми дистрибьюторы таратқан хабарламада.
Автомобильдің сенсорлық экранынан бөлек, орталық консольде қашықтан басқару пульті, сымсыз қуаттағыш, заманауи құралдары бар ұқыпты төрт бұрышты мультирульмен жабдықталған. Сонымен бірге, Chevrolet Traverse жақсартылған қауіпсіздік жүйесімен және жаңа технологиялы ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Олар: толық қозғалыстағы автоматты тежеу, 360 дөңгелек шолу жүйесі, бейімді жол бақылаушысы, жаяу жүргіншілерді анықтау жүйесі, жолақты белсенді ұстау жүйесі, тауға көтерілу және түсу кезінде көмек жүйесі, Start-Stop опциясы мен алдыңғы және артқы жарықдиодты шамдар жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Жансая Нурбекова, корреспондент
09.09.2022, 15:42