Меню CARMA.KZ

Myсar Алматыда жаңа көлік орталығын ашты

Компаниядағылар бұл жалпы Орталық Азиядағы ең ірі көлік орталығы екенін айтады.

Myсar Алматыда жаңа көлік орталығын ашты / Фото: Myсar
Myсar Алматыда жаңа көлік орталығын ашты / Фото: Myсar

Компанияның ресми хабарламасынан мәлім болғандай, Mycar Almaty деген атауға ие болған жаңа көлік орталығына 1,5 мың автомобиль сыяды. Ғимараттың ішінде жүрілген 700-дей және BMW, Changan, Chery, Haval және Hyundai көлік дилерлерінің тағы 50 жаңа көлігін орналастыру көзделген. Ал сырттағы ашық алаңқайға тағы 800 автомобиль сатуға қойылмақ.

Mycar баспасөз қызметі CARMA.KZ редакциясымен әңгімеде, көлік орталығы әзірге тек 50%-ға ғана толтырылды — сыртта жұмыстар жүріп жатқандықтан, көлік қойылған жоқ деді.

Компаниядағылар күніне 500 клиентке қызмет көрсетіп, 600-ден астам адамды жұмыспен қамтимыз деп отыр.

Mycar өкілдері, клиенттер көлік орталығында заңдық және техникалық тексеруден өткен жүрілген автомобильдерді сатумен қатар, сатып алып, сондай-ақ жаңа автомобиль сатып алуға, көлікке несие рәсімдеуге, автомобильді тіркеу/қайта тіркеуден өткізуге және сақтандыру шартын рәсімдеуге мүмкіндік алатынын атап өтті.

«Mycar Almaty теңдессіз ғимарат, оны ағылшынның танымал Сhapman Taylor бюросы жобалады. Көлік орталығы осындай көлемдегі жоба үшін өте қысқа уақытта — бар-жоғы 15 айда салынды. Жоба құрылтайшылар Нұрлан Смағұлов пен Mycar.kz компаниясының дербес қаражатына, сондай-ақ «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның несиесіне іске асырылды», — деп мәлім етті Mycar өкілдері.

Көлік орталығының ашылу салтанаты 2022 жылғы 17 қыркүйекте Алматыда өтті, ал 19 қыркүйек күні Mycar Almaty алғашқы клиенттерін қабылдай бастады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
20.09.2022, 15:21