Меню CARMA.KZ

Mazda ресей нарығынан кететінін растады

Жапондық компания ресейлік әріптестері Sollers компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Mazda ресей нарығынан кететінін растады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Mazda ресей нарығынан кететінін растады / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Mazda Motor Владивостоктағы өзінің зауытына жеткізудегі іркілістерге байланысты ресей нарығынан шығуды көздеуде. Қазір жапон компаниясы Sollers-тегі ресейлік әріптестерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ТАСС

«Біз Ресейде кету туралы әріптесіміз Sollers компаниясымен және басқа да мүдделі мекемелермен кеңесіп жатырмыз. Біздің Ресейдегі жұмысымыздың қазіргі жағдайына қатысты айтатын дұрыс сипаттама осы», — деді Mazda Motor өкілі.

Владивостоктағы зауыт 2012 жылы іске қосылған болатын. Ол Mazda Motor мен Sollers-тің бірлескен кәсіпорны және CX-5, CX-9 бен Mazda 6 седанын құрастырумен айналысып келді. Алайда ол үшін қажетті бөлшектер мен тораптарды жеткізу тізбегі санкцияға байланысты үзіліп қалды.

2022 жылдың көктемінде зауытқа бөлшектер мен тораптар әкелінген жоқ, ал сәуірде өндіріс тоқтатылды.

Бұған дейін Sollers-тағылар Владивостоктағы зауытты басқа брендтерді шығару үшін қайта жүргізу жоспарын әзірлеп қойғаны, ал Mazda Motor-мен келіссөздер аяқталуға жақын екені айтылды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
29.09.2022, 10:55