Меню CARMA.KZ

Мәскеуде Evolute электромобилінің үш сериялық моделі таныстырылды

Липецк қаласында электртартымды седан, кроссовер және кросс-купе шығарылады.

Мәскеуде Evolute электромобилінің үш сериялық моделі таныстырылды / Фото: naavtotrasse.ru
Мәскеуде Evolute электромобилінің үш сериялық моделі таныстырылды / Фото: naavtotrasse.ru

Ресейлік Evolute бренді Мәскеуде электромобильдердің үш сериялық моделін ұсынды. Олар — Evolute i-Pro седаны, I-Joy кроссовері және I-Jet кросс-купе, деп жазады «Газета.Ru» сайты.

Липецк облысында сериялық шығарылатын ресейлік электр көліктерінің тұсаукесері 2022 жылғы Велофестивальде өтті. Ресейлік басылымның мәліметінше, Evolute i-Pro моделінің ұзындығы — 4680 мм, автомобиль 163 ат күші бар электр қозғалтқышымен жабдықталған, жылдамдығын 9,5 секундта 100 км/сағатқа үдетеді. Батареяның бір зарядында седан 420 шақырымға дейін жүре алады.

Evolute i-Joy электр кроссовері 176 ат күші бар электр қозғалтқышымен және 53 кВт аккумуляторлық батареямен жабдықталған. Көліктің қуат қоры 405 шақырымды құрайды және жарты сағат ішінде CCS-2 қосқышы арқылы батареяны 30%-дан 80%-ға дейін қуаттауға болады. Evolute i-JET моделінің сипаттамалары жайлы ақпаратты әзірге құпия болып отыр. Биыл Evolute көлігін Ресейдің 9 аймағында сатып алуға болады.

«Моторинвест» зауытында шығарылатын Evolute автомобильдерінің саудасы басталған кезде Мәскеу, Санкт-Петербург, Төменгі Новгород, Краснодар, Сочи, Қазан, сондай-ақ Воронеж, Дондағы Ростов және Липецк қалаларында дилерлік желілері ашылатын болады. Сонымен қатар, алдағы 11 жыл ішінде 242 мыңнан астам автомобиль шығарылады деп болжап отыр.

2022 жылдың наурызында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі, Липецк облысының үкіметі мен«Моторинвест» компаниясы тартым қозғалтқыштары негізінде экологиялық таза қалалық көлік құралдарын өндіру технологиясын енгізу үшін арнайы инвесторлық келісімшартқа қол қойды. «Моторинвест» компаниясы 11 жыл ішінде 13 млрд рубльден (100 млрд теңгеге жуық) аса қаржы құюды жоспарлап отыр. Ресейде Evolute электромобильдері осы жылдың қыркүйегінен шығарыла бастайды.

Бұған дейін Ресей Федерациясының индустрия және сауда министрлігі, алдағы жеті жыл ішінде жеңіл электромобильдердің үлесін елде тіркелген барлық жеңіл автомобильдердің 15%-ына жеткізіп, нарықтағы санын 400 есе арттыруды жоспарлағанын айтқан болатын. Ресейлік электромобильдерге сұранысты арттыру үшін шамамен 500-600 млрд рубль қажет (қазіргі бағам бойынша 3,6-дан 4,5 трлн теңгеге дейін).

«Автостат» агенттінің мәлеметтеріне сүйенсек, 2022 жылғы 1 шілдеде РФ аумағында 18,7 мың көлік тіркелген. Бұл елдегі жеңіл көліктердің жалпы санының 0,04%-ын ғана құрайды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
06.09.2022, 15:07