LG Energy Solution мен General Motors АҚШ-та электромобиль шығаратын зауытын ашты
Бұл екі компания арасындағы келісім аясында салынған 4 кәсіпорынның бірі.
LG Energy Solution мен General Motors электромобиль шығаратын зауыттың іске қосылғанын жариялады. Зауыт Огойода (АҚШ) орналасқан. Компаниялар осындай төрт зауыт салу жөнінде 2019 жылдың желтоқсан айында келісім жасасқан. Тағы екі кәсіпорын Теннеси және Мичиган штаттарында салынатын болады. Олардың құрылысы 2023 пен 2024 жылдары аяқталады. Ал төртінші зауыттың қайда орналасатыны әзірге айқындалған жоқ.
Қазір Огойодағы кәсіпорында шамамен 800-дей адам жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің саны 2023 жылы 1,3 мыңға дейін көбейеді, деп жазады Chosunilbo.
Бұған дейін LG Energy Solution мен Honda-ның АҚШ-та аккумулятор өндіретін зауыттың құрылысына 4 млрд долларға (1,8 трлн теңге) жуық инвестиция құятыны белгілі болған. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 40 гигаватт/сағатты құрайды. Бұл 600 мың электромобиль шығаруға жетеді.
Қазір компаниялар жаңа зауыттың орналасатын орнын талқылап жатыр. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың алғашқы жартысында басталады деп көзделген. Зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылмақ.
АҚШ-та жаңа заң енгізілгеннен кейін электромобиль шығаратын кәсіпорын салу маңызды бола бастады. Аталған заң бойынша жергілікті үкімет тек Солтүстік Америка (АҚШ, Канада, Мексика) елдерінде шығарылған электромобильдерді сатып алған жағдайда ғана субсидия төлейді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
02.09.2022, 09:07