ХЭА: 2022 жылы әлемде электр көліктер саудасы жаңа рекорд орнатады
Әлемдік нарықтағы жеңіл көліктердің жалпы саудасындағы элекромобильдердің үлесі 9% дан 13%-ға дейін өседі.
Биыл электромобильдердің әлемдік саудасы рекордтық деңгейге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Интерфакс ресурсы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) болжамына сілтеме жасай отырып.
ХЭА-нің жыл сайынғы Tracking Clean Energy Progress (TCEP) баяндамасында 2021 жылы электромобильдердің әлемдік саудасы екі есе, 6,6 миллионға артып, автомобиль нарығының 9%-ын құрады. Ал 2022 жылы жеңіл көліктердің саудасы бойынша жалпы көлем 13%-ды құрап, ең жоғарғы нәтиже көрсетеді деп болжанып отыр.
2022 жылдың бірінші тоқсанында электрокарлардың саудасы 2021 жылдың алғашқы үш айымен салыстырғанда 75%-ға өсіп, 2 млн бірлікті құрады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, желіден қуаттанатын көліктердің әлемдік сату көрсеткіші 57%-ға артып, 4 млн 161 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 3,05 миллион таза электромобиль және 1,11 миллион гибридті көлік бар, деп хабарлайды EV-volumes порталы.
Нәтижесінде, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында олардың әлемдік автомобиль нарығындағы жалпы үлесі 6,3%-дан, 2022 жылдың қаңтар-маусымында 12%-ға дейін өсті. ХЭА сарапшыларының пікірінше, электромобиль өндірушілері, 2050 жылға қарай улы заттардың бөлінуін нөлдік деңгейге жету жоспары аясында, 2030 жылға қойылған мақсаттарды орындауға мүмкіндіктері бар. Сонымен бірге, агенттік электромобильдердің сауда жағдайы «әлі әлемдік құбылыс емес» деп атап өтті.
«Дамушы елдердегі сауда сатып алу құнының өсуіне және электрлі көліктерді қуаттауға арналған инфрақұрылымның болмауына байланысты баяулайды», – делінген агенттіктің зерттеуінде. Сонымен қатар, ХЭА сарапшылары тартым аккумуляторларын өндіруге арналған шикізаттың қымбаттау салдарынан автомобиль бағасы өсіп, электрлендірілген көліктерге сұраныстың өсу қарқыны төмендейді деп болжайды.
Дегенмен, ХЭА басшысы Фатих Бироль «жаңа жаһандық энергетикалық экономиканың белсенді дамып келе жатқанын көрсететін, бұрын-соңды болмаған белгілердің болып жатқанын» айтып кетті. Есепке сәйкес, ХЭА-те электрлі көлік саласын дамытудың үш жолы бар. Қабылданған шараларға сәйкес, 2030 жылға қарай әлемде 200 млн электромобиль болады, ал олардың көлік саудасындағы жалпы көрсеткіші 20%-ды құрайды.
Жарияланған жоспарларды іске асыру бойынша, 2030 жылға қарай электр қозғалтқышты көліктер саны 270 млн бірлікке жетеді, ал саудадағы үлесі 33%-ды құрайды. Ал ең оптимистік жолды қарастырсақ, көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жоспарын іске асырып, 2030 жылға қарай әлемде шамамен 350 млн электр көлігі пайда болады. Олардың жаңа көліктерді саудалаудағы әлемдік нарықтағы үлесі 60%-ға дейін өседі.
Егор Васильев, корреспондент
28.09.2022, 17:10