Меню CARMA.KZ

Geely жеті орынды жаңа минивэнді таныстырды

Сонымен бірге, жаңа Geely Jiaji моделін сатып алушылар алты орындық жиынтықталуына тапсырыс бере алады.

Geely жеті орынды жеті минивэнді таныстырды / Фото: carsweek.ru
Geely жеті орынды жеті минивэнді таныстырды / Фото: carsweek.ru

Geely бағасы 17 300 доллардан басталатын жеті орынды минивэнді таныстырды, деп хабарлайды Carnewschina ресурсы.

Қытай басылымының айтуынша, Geely Jiaji L жаңа ықшам минивэні қазіргі Jiaji моделінің жаңартылған нұсқасы болып табылады. Өндіруші жаңа модельдің үш жиынтығын шығарып жатыр. Оларды 119 мың 800-ден 142 мың 800 юаньға дейін (қазіргі бағам бойынша $17 300-ден $20 600-ға дейін немесе 8 млн 185 мыңнан 9 млн 747 мың теңгеге дейін) аралықтағы бағада сатады. Бұл базалық жиынтығы 1 млн 122 мың рубль немесе 8,8 млн теңге тұратын ресейлік Lada Vesta седанын сатып алғанмен бірдей.

Қазіргі Geely Jiaji өлшемдері — 4706/1909/1690 мм және дөңгелек базасы 2805 мм болатын алты орынды минивэн. Ішкі жану қозғалтқышы бар нұсқасы қуаты 184 а.к. және айналу сәті 300 Нм жететін, 1,8 литрлік төрт цилиндрлі турбоүрлемді бензин қозғалтқышымен жабдықталған.

PHEV нұсқасы қуаты 82 а.к. тең электрқозғалтқышпен, қуаты 177 ат күші бар 1,5 турбоүрлемді үш цилиндрлі бензин қозғалтқышы жарақтанған. Осы гибридті жүйенің жалпы қуаты 190 кВт (258 ат күші) және 415 Нм құрайды.

Бұл минивэннің Қытайдағы бағасы 119 мың 800 — 168 мың 800 юаньді ($18 820-дан $26 510-ға дейін немесе 8,9 млн-нан 12,5 млн теңгеге дейін) құрайды. Демек жаңа Geely минивэні өзінің түпүлгісіне қарағанда арзан. Дегенмен Jiajia L қазіргі модельге қарағанда 120 мм ұзын және жеті орынды болып келеді. Көліктің өлшемдері 4826/1909/1695 мм, дөңгелек базасы 2805 мм. Ауа тартқыштың алдыңғы торы екі жағынан фаралармен біріктірілген.  Алдыңғы панельдің төменгі жағында хромдалған сәндік жолақ бар. Артқы жағы тігінен орналасқан шағылдырғышпен, хромдалған түтік жүйесімен және артқы шаммен жабдықталған.

Интерьері 10,25 дюймдік құралдар панелімен, жалпақ түбі бар үш шабақты дөңгелек рульмен және Galaxy OS ақпараттық-ойын-сауық жүйесіне енгізілген 12,3 дюймдік орталық басқару экранымен жабдықталған. Қауіпсіздікке келетін болсақ, Jiaji L-де жүргізуге көмектесетін 14 көмек функциясымен және 6 қауіпсіздік жастықшасымен жабдықталған. Оның алты орынды 2+2+2 және жеті орынды 2+3+2 жинағын таңдай алады. Жүксалғыштың көлемі — 513 литр. Оған 140 дюймге дейін жүк салуға болады.

Jiaji L моделі қуаты 181 ат күші бар 1,5 литрлік төрт цилиндрлі турбоүрлем қозғалтқышымен жабдықталған. Ол 7 сатылы қос ілінісу беріліс қорабымен біріктірілген. WLTC жағдайында отын шығыны 6,9 л/100 км-ді құрайды. Тамыз айының соңында Geely экспорт бойынша жеке рекордын жаңартқаны белгілі болды. Нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қытайдан өзге елдерде 88 мың көлік сатылған.

Қазақстандық автокөлік нарығын талдау және мониторингілеу орталығының деректеріне сүйенсек, 2022 жылдың қаңтар-маусым аралығында елімізде қытайлық маркалардың 2 981 көлігі сатылған. Қазақстанда үлкен сұранысқа ие болған — JAC бренді. Оның 1 231 данасы саудаланған. 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығының нәтижесі бойынша, екінші орынға қытайлық Chery бренді жайғасты (995 көлік сатылған). Ал үшінші HAVAL маркасы тұр (499 көлік сатылған).

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
13.09.2022, 13:50