Меню CARMA.KZ

Ferrari 13 қыркүйекте алғашқы кроссоверін таныстырады

Спорт көліктерін шығаратын италиялық өндіруші Purosangue моделінің шығатынын төрт жыл бұрын жариялаған.

Ferrari 13 қыркүйекте алғашқы кроссоверін таныстырады / Фото: revrebel.com
Ferrari 13 қыркүйекте алғашқы кроссоверін таныстырады / Фото: revrebel.com

Ferrari Purosangue кроссоверін (Purosangue «тазақанды» деп аударылады) 13 қыркүйекте таныстырмақшы, деп хабарлайды motor1.com ресурсы.

«Ferrari Purosangue премьерасы биылғы қыркүйекте өтетінін өндіруші көп уақыт бұрын хабарлады. Енді, міне, көрсететін күнін 13 қыркүйекке белгілеп отыр. Мұны компанияның әлеуметтік желілерде таратқан тизерінен біліп отырмыз», — деп жазады басылым.

Purosangue кроссовері туралы 2018 жылы алдын ала хабарлама жасалғанымен, содан бері премьераның уақыты қайта-қайта ауыстырылды. Қазіргі таңда Purosangue тапал келген, бесесікті, төрторындық кроссовер түрінде болатыны белгілі. Ол пневмоаспалы алдыңғы жетекті және толық жетекті жаңа тұғырда жасалып, дөңгелек келтеқұбыры бар «төртұңғылы» шығару жүйесі қарастырылған V12 атмосфералық қозғалтқышымен жарақтанған.

Маусымның орта шенінде Ferrari жаңа даму стратегиясын жариялады. Одан ұққанымыз — сауданың тек 20%-дайы ғана аталмыш Purosangue моделіне тиесілі болмақ, яғни өзінің спорткарларымен аты шыққан марка әзірше кроссовер өндірушіге айналатын ойы жоқ. Ол нарыққа жаңа моделімен шыға отырып Bentley Bentayga Speed және Aston Martin DBX707 секілді модельдермен бәсекелеспекші. Ferrari-дің маркетинг бөлімінің жетекшісі Энрико Галлиера компанияның «тазақанды тұлпарына» сұраныс жоғары болатынын айтады.

Ол сондай-ақ автомобиль бірнеше ықтимал клиентіне көрсетілген соң олардың әсері керемет болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар компаниядағылар бұл автомобильді санаулы көлемде ғана шығарудың сыры оның эксклюзивтілігін арттыру, сәйкесінше бағасын да қымбат етуде жатқанын атап өтті.

Aston Martin, Bentley, Lamborghini мен Porsche-ден айырмашылығы Ferrari нарықты толтырып тастаудан аулақ. Ferrari-дің мақсаты — Purosangue-ты масс-маркетке айналдырмай, оны эксклюзив модель ету.

Дей тұрғанмен, мақала авторлары ойынша, оның кроссовер жасауға ойысқысы келмеуінің себебі құрамдастарды жеткізудегі мәселелер болса керек. Мұны Ferrari эксклюзивтілікке сілтеп, әдемі түсіндіруге тырысып жатыр. Ал өндірістік тізбек қалпына келген бойда бұл жайлы алаңдамауына да болар, өйткені нарықта кроссоверге сұраныс артпақ. Оған қоса италиялық өндіруші үшін былтырғы жыл өте табысты болды. Ол әлем бойынша 11 мың 155 автомобиль сатқан деп жазды.

Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері әлі де Ferrari-дың ең үлкен нарықтары болып қалып отыр. Былтыр бұл елдерде 5 мың 492 автомобиль — 2020 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп сатылған. Екі Африка да сатып алынған 2 мың 831 спорткармен (+22%) екінші орынды иеленді. Қытай, Гонконг және Тайваньда қызығушылық артқаны байқалды: бұларда 899 автомобиль сатылған, бірақ бұл 2020 жылғы нәтижеден екі есе асып түседі. Биылғы жылы люкс «тұлпарлар» («Феррари»-дың таңбасы — сары фондағы ат) саудасы төмендеп қалды: компания қыркүйектің басына қарай 5 мың 875 жаңа автомобиль сатқан. Бұл 6 мың 797 көлік сатылған 2021 жылдың қаңтар-тамызындағыдан аз.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
09.09.2022, 11:22