Меню CARMA.KZ

Dodge Alfa Romeo Tonale-ге ұқсас шағын кроссовер шығарды

Fiat Chrysler Automobiles N.V. италия-америка біріккен автоконцерні өз өнімдерін араластыра бастады.

Dodge Alfa Romeo Tonaleге ұқсас шағын кроссовер шығарды / Фото: ru.motor1.com
Dodge Alfa Romeo Tonaleге ұқсас шағын кроссовер шығарды / Фото: ru.motor1.com

Fiat Chrysler Automobiles N.V. автоконцернінің құрамына кіретін Dodge компаниясы Alfa Romeo Tonale базасында жасалған Hornet шағын кроссоверін таныстырды, деп жазады «Коммерсант»

Шығарған көліктерінің саны бойынша әлемде жетінші орында тұрған Fiat Chrysler Automobiles N.V автоконцерні қарамағына Dodge енетін америкалық Chrysler концерні мен Alfa Romeo брендіне иелік ететін италиялық Fiat конгламератының бірігуі нәтижесінде пайда болған. Осының арқасында аталған маркалардың конструкторлары бір-бірінің дайын жұмыстарын пайдалануға мүмкіндік алып, әртүрлі нарықтарға арнап түрлі брендтермен біртипті автомобильдер шығарып жатыр.

Соның бірі — тамыздың соңына таман Dodge таныстырған Hornet шағын кроссовері. Автомобильдің экстерьері заманауи Dodge-дың фирмалық стилін көрсету үшін жаңа фаралар мен шамдар, сондай-ақ қайта жасалған бамперге ие болды. Бірақ жаңа Hornet техникалық жағынан Tonale-дың қозғалтқышы пен беріліс қорабын қайталаған. Базалық Hornet GT-да автоматты беріліс қорабы және толық жетекпен үйлескен 2 литрлік бензинді турбомотор бар.

Dodge-дың тарихында тұңғыш сериялық гибрид автомобиль болып табылатын Hornet R/T моделі 1,3 литрлік турбомотордың құрамындағы 289 күштік қондырғыға және 6 сатылы автоматпен қосылыста артқы оське түсетін 122-күштік электроқозғалтқышқа ие. Ондағы PowerShot режимі қозғалтқыштан 15 секундта 25 ат күшін тудыртса, электрлі тартыммен 15,5 кВтсағ батареясы 48 шақырымды еңсеруге мүмкіндік береді.

Кроссовер саудаға алғаш шыққанда Track Pack опциялық пакетімен және Direct Connection фирмалық аксессуарлар жиынтығымен ұсынылатын болады. Dodge Hornet 2022 жылдың басында таныстырылған Alfa Romeo Tonale моделімен бірге Италияда шығарылмақшы. Екі модельдің бір-біріне ұқсастығын ескерсек, әрине, бұл қисынды. Дегенмен Hornet тек АҚШ нарығына жөнелтілетін болса, оның прототипі саналатын Alfa Romeo Tonale қыркүйекте Еуропада пайда бола бастайды.

Осылайша бір-бірінен аумайтын қос автомобиль екі брендпен түрлі нарықтарда сатылатын болады. Шынын айту керек, бір концернннің өнімі болып келетін бұл екеуінің сыртқы пішінінде айырмашылық бар, сондықтан оны сатып алғандар өз көлігін қасындағы көлікпен қалай болсын шатастыра алмайды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
02.09.2022, 15:01