Меню CARMA.KZ

CLAAS Group Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейтеді

Неміс компаниясының өкілдері Қазақстан президентімен кездесті.

CLAAS Group Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейтеді / Фото: akorda.kz
CLAAS Group Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейтеді / Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев CLAAS Group машина жасау компаниясының өкілдерін қабылдады. CLAAS Group қадағалаушы кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейту жоспары туралы айтып берді.

«Сондай-ақ президентке ауыл шаруашылығы техникасы мен оның құрамдас бөліктері өндірісін оқшаулау шаралары туралы баяндалды. Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің айтарлықтай әлеуетін атап өтіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мен жергілікті қамтуды арттырудың маңызды екенін айтты», — деп хабарлайды Қазақстан президентінің ресми сайты.

2021 жылы CLAAS Group Петропавлда комбайндар, тракторлар, дән себетін кешендер мен дестелегіштер құрастыру зауытын іске қосқан болатын. Бүгінгі таңда мұнда 400-дей ауыл шаруашылығы техникасы шығарылды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
13.09.2022, 15:09