Меню CARMA.KZ

Бұдай былай көліктердің нөмірлік белгілерінде арнайы элементтер болуы тиіс

Сонымен қатар полицейлердің мемлекеттік нөмірлердің түпнұсқа екенін тексеру үшін бірегей DMC-кодтар енгізілді.

Бұдай былай көліктердің нөмірлік белгілерінде арнайы элементтер болуы тиіс / Фото: ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт
Бұдай былай көліктердің нөмірлік белгілерінде арнайы элементтер болуы тиіс / Фото: ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт

Биылғы 1 қыркүйектен бастап  986-2022 ҚР СТ ұлттық стандарты қолданысқа енді. Оны ҚР ІІМ «Ақпараттық-өндірістік орталығы» әзірлеп, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комиетіне қарасты Қазақстан стандарттау және метрология институты (ҚазСтандарт) сараптамадан өткізді.

Енді көліктердің нөмірлік белгілері мен оларға арналған дайындамаларды бұрмалаудан қорғау үшін арнайы және қосымша элементтер болуы тиіс, деп хабарлады ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт мекемесі.

Стандарт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріндегі әріптерге, сандарға және қорғаныш элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді.

 «Арнайы қорғаныш элементтерін нөмірлік белгінің бетінен химиялық құралдармен немесе күшпен алып тастау мүмкін емес және нөмірлік белгінің бүкіл пайдалану мерзімі ішінде сақталуы тиіс», — деп атап өтті мекеме мамандары.

Бұл өзгертулер нөмірлік белгілерді өндіру құнына әсер етпейді. Сондай-ақ, мемлекет қазынасына қосымша шығын әкелмейді.

Жансая Нурбекова

Жансая Нурбекова, корреспондент
14.09.2022, 16:14