Меню CARMA.KZ

Беларусьта жергілікті өндірістен шыққан электромобиль таныстырылды

Әзірлеушілер бұл спорттық автокөлік болады деп мәлімдеді.

Беларусьта жергілікті өндірістен шыққан электромобиль таныстырылды / Фото: auto.onliner.by
Беларусьта жергілікті өндірістен шыққан электромобиль таныстырылды / Фото: auto.onliner.by

Беларусьтің Ұлттық ғылым академиясы алғашқы отандық спорттық Minsk Electro 2022 электромобилін ұсынды. Әзірлеушілер көлік бөлшектерінің көпшілігі отандық өндірістен шыққан екенін айтады.

Автокөлік спорттық үлгіде болса да, максималды жылдамдығы сағатына 120 шақырым ғана болады. Спорттық көлік алты секунд ішінде көрсетілген жылдамдыққа жете алады. Өндірушілер бұл уақытты төрт секундқа дейін қысқартқысы келеді.

Көліктің салмағы бір тоннадан асады, ал есептелген қуат қоры шамамен 200 шақырым, деп жазады Office Life порталы.

Беларуссияда балама энергия көздерінен қуат алатын автомобильдер белсенді дамып келеді. «Белоруснефть» болжамы бойынша, 2025 жылға қарай елде 100 мың электромобиль пайдаланылатын болады. Қазірдің өзінде қуаттау станцияларының электр энергиясын тұтыну көлемі өсіп жатыр. 2022 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін бұл көрсеткіш 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-ға өсті.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
12.09.2022, 16:22