«АвтоВАЗ» LADA Vesta және Granta электромобильдерін шығара бастауы мүмкін
Бұл шешім электрлі LADA Largus моделінің сатылуына байланысты болады.
«АвтоВАЗ» президенті Вадим Соколов нарықта LADA Vesta және Granta электрлі көліктерінің пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармады. Оның айтуынша, егер 2023 жылы ұсынылатын LADA Largus электромобилінің саудасы көңілге қонымды болса, осындай шешім қабылданады.
Сонымен қатар, LADA Largus электр моделін сериялық шығару 2024 жылдан ерте басталмайды. Оның өндірісі «ЛАДА Ижевск» зауытында іске қосылады, деп жазады «Автостат» басылымы.
Бірақ жаңа электромобиль өндірісін бастамас бұрын, «АвтоВАЗ»-ға e-Largus көлік құралының түрін мақұлдауы керек. Сонымен қатар, қажетті құрамдастарды жеткізушілерді табу керек.
LADA Largus электрлі көлігі классикалық модельде жасалады деп күтіліп отыр. Ішкі жану қозғалтқышының орнына электрлі мотор орнатылады, ал тартқыш аккумуляторлар артқы диванның астына және капот астына орналастырылады. Салондағы кеңістікті ұлғайту үшін, артқы аспа жылжытылады. Мұның бәрі құрастыру процестерін өзгертуді қажет етеді.
Бұған дейін Максим Соколов электрлі LADA Largus классикалық модельге қарағанда, 20-30% қымбат болады деп мәлімдеді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
21.09.2022, 10:12