Астанада ережесіз автожарыс қайта жанданды
Автожарыс соңғы 20 жылдан кейін елордада қайта өткізіле бастады.
Астана қаласы бойынша АвтоМото спорт федерациясы қоғамдық бірлестігі елорда әкімдігінің қолдауымен биыл S.O.V.A.-ның кубогы үшін Derby ережесіз көлік жарысын жаңғыртты. Жарыс өткен демалыста (18 қыркүйек) биылғы маусымды тәмамдады.
Қатысушылар бір-бірін әдейі соғатын ережесіз жарыстар 2000 жылдардың басында елордада өткізіліп тұрған еді. Бірақ ол жылдары айналма форматында болды. Қатысушылар айналып, қайта оралатын. Ал мәреге бірінші жеткен шабандоз жеңімпаз атанатын. Сонымен қатар, қарсыластарды жолдан «шығарып жіберуге», бәсекелесі жүргізуші есігінің сегментін қоспағанда, көліктің кез келген жерінен соғуға рұқсат етілді.
Қазіргі S.O.V.A-ның Derby кубогының ережесіз жарыс, оның ұйымдастырушыларының бірі, «Bort01 Car Service» ЖШС директоры Эльвар Агаевтың айтуынша, бұл жолғы жарыстың форматы басқаша. Бір санаттағы автомобильдер (бірдей техникалық параметрлер) «тор» деп аталатын шектеулі кеңістікке шығып, бір-бірімен сайысуды бастайды. Негізгі мақсат — бәсекелестердің автомобильдеріндегі қозғалтқышты өшіру және өзі жарысты жалғастыру.
Мұның бәрі дәстүр бойынша жолдан тыс жерде жүреді және Paramount Pictures атты фильмдегі трансформерлердің шайқастарына ұқсайды. Сонымен қатар, қатысушылардың жеңіл көліктері, негізінен АвтоВАЗ, АЗЛК және ГАЗ брендтерінің өнімдері. Оларда бұл жарыстардан кейін автоботтар мен десептикондарға ұқсас контурлар пайда болады. Жарыс екі «торда» өтеді. Біреуінде азлитражды «Москвичтер», ал екіншісінде ауыр салмақты «Волгалар» жиналған.
«Бұзылмайтын көлікті анықтау өте қиын, өйткені автоспорттың бұл түрінде жарысшының кәсіби дағдылары үлкен рөл атқарады, — дейді Эльвар Агаев. Біз биыл бірден екі дерби өткіздік, біріншісі көктемде мамыр айында өтті, ал күзгі жарыс 20 жылдан кейін елордада қайта жанданған жарыстардың бірінші маусымының жабылуына арналды. Бұл жарысқа 20 қатысушы жиналып, екі санаттағы автомобильдерде өтті. Ресейлік автоөнеркәсіп те, шетелдік автомобильдер де қатысты».
Нәтижесінде бәрі ресейден шығарылатын көліктердің сөзсіз жеңісімен аяқталды. Самат Қиззатов «бұзылмайтын» «Москвич»-те азлитражды санаттағылар арасында бірінші орынды иеленді. Күміс пен қола — Айдар Баянов пен Нұржан Әскеровке тиесілі болды. Екі жүлдегер де АвтоВАЗ көліктерінде бақ сынасты. «Жетілік» күміс жүлдегер атанса, ал қоланы ВАЗ-2106 алды.
«Ауыр салмақ» категориясындағы үздіктердің барлығы да Горький автозауытының өнімдері болып шықты. Бірінші орынды «Волга» ГАЗ-24 көлігімен жарысқан Оразалы Тілеу иеленді. Екінші орынды сол өндірушінің «отыз бірінші» моделімен Мадияр Дәулғазинов пен дәл осындай «темір тұлпар» мінген Ерлан Қарабеков еншіледі. Сонымен қатар, жарысқа тек елордалық автоәуесқойлар ғана емес, сонымен қатар Ақкөл қаласының шабандоздары да қатысты, ал кейінгі астаналық дербиге шетелден де қызығушылық танытып жатыр.
«Біздің жарысымызға баршаға ашық. Мәселен, күзде Ақкөлден, ал мамырда Қарағандыдан қатысушылар болды. Келесі жылы басқа жерлерден де шабондоздар айтарлықтай жиналуы мүмкін, — дейді Эльвар Агаев. Екінші кезеңнен кейін біздің алдағы жоспарларымызға Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларының жарысшылары қызығушылық танытты. Біздің дербиге Қырғызстаннан келген автоәуесқойлар мен ресейлік Томск қаласының шабандоздары да қызығушылық танытты».
Оның айтуынша, Астанадағы қатысушылардың негізгі бөлігі – жеке ТҚС бар кәсіпкерлер. Бірақ оның ішінде демеушілердің көмегімен немесе өз көліктерін қатаң техникалық талаптарға қайта жабдықтайтын қарапайым автоәуесқойлар да бар. Өйткені дерби ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға осындай талап қояды.
«Ең басты негіз — автомобиль ішіндегі қауіпсіздік. Бізде авто ішіндегі барлық конструкцияларға қойылатын талаптар жазылған. Олар қалай орналасуы тиіс, жүргізушілердің арнайы орындықтарына, шөміштер мен жартылай шөміштерге қойылатын талаптар бар, олар мықты бекітілуі тиіс, — дейді дерби ұйымдастырушысы. Әр көлікте соққы болған жағдайда, адамның барлық денесін бекіту үшін, төрт нүктелі қауіпсіздік белдігі болуы тиіс. Сонымен бірге жүргізушіден қол созым қашықтығында өрт сөндіргіш болуы керек. Өрт немесе тұйықталу жағдайында автокөлікті тоқтан ажырату құрылғысымен жабдықталу қажет».
Осы қатаң ережелерді сақтау нәтижесінде, мамыр айында да, қыркүйекте де елордалық дербидің бірде-бір қатысушысы, турнир алаңында өрт сөндірушілермен бірге кезекшілікте жүрген дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар конструкциясына қойылатын талаптардан бөлек, қатысушыларға көліктерді қайта жабдықтау кезінде кеңес береді. Эльвар Агаевтың айтуынша S.O.V.A. күзгі Derby кубогына қатысушылардың өздері, жарысқа дайындық барысында нағыз ұйымшылдық танытты.
«Дербиге қатысушылар жұмыла дайындалуы мені тәнті етті, дегенмен осы жарысқа дейін олардың біразы бір-бірімен таныс емес еді, — дейді ол. Қарапайым мысал: егер біреуде көлікті дайындауға құрал жетіспейтін болса, олар кесте құрып, ол бойынша бір-бірімен құралдарды алмасып жатты. Менің ойымша, ауызбіршілік біздің турнирдің маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Ал біздің іс-шарамыздың негізгі мақсаты — автоспортты насихаттау, оны ілгерлету, жарыстарымызға көрші елдерден қатысушыларды және жастарды тарту. Біз әр жарысшының бойында белгілі бір мәдениетті қалыптастыруға тырысамыз. Автокөлік жарыстарына жаппай қатысу жүргізушілердің экстремалды жүргізу дағдыларын дамыту және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрмет көрсету арқылы жолдардағы оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді деп санаймыз», — деп түйіндеді ол.
Егор Васильев, корреспондент
25.09.2022, 10:00