Меню CARMA.KZ

2025 жылға қарай Қытай автомобильдерінің 70%-ы «ақылды» болады

Қазір Қытайдан жеткізілетін автомобильдердің төрттен бірінде виртуалды жүргізуші көмекшісі қарастырылған.

2025 жылға қарай Қытай автомобильдерінің 70%-ы «ақылды» болады / Фото: theglobeandmail.com
2025 жылға қарай Қытай автомобильдерінің 70%-ы «ақылды» болады / Фото: theglobeandmail.com

2025 жылы қытайлық көліктердің көпшілігі «ақылды» болады. Мәселен 10 көліктің ішінде кем дегенде 7-уі жүргізушіге көмектесетін виртуалды көмекшілермен жабдықталады. Жүргізуді автоматтандырумен айналысатын қытайлық Haomo.ai стартапының төрағасы Чжан Кайдың айтуынша, 2022 жылдың бірінші жартысында Аспанасты елінде шығарылған көліктердің тек 26,64%-ында виртуалды көмекшілер қарастырылған.

«Қазір «ақылды» көліктердің жартысынан көбі Қытайда. Бұл тұрғыда біз Еуропа мен АҚШ-тан озып келеміз. Қытай «ақылды» көліктер үшін негізгі нарық болып табылады», — деді Чжан Кай.

Haomo.ai компаниясы — HPilot жүргізушілерге көмек көрсету жүйесінің әзірлеушісі. Қазір ол Қытайда шығарылған түрлі седандар мен жол талғамайтын көліктердің жеті моделіне орнатылған.

HPilot 3.0 жаңа нұсқасы 2022 жылдың соңында шығады. Ол қытайлық Great Wall Motors көлік өндірушісінің Wey жол талғамайтын көліктеріне орнатылады, деп жазады China daily.

Чжан Кайдың айтуынша, HPilot жүйесімен жабдықталған автомобильдердің жалпы жүрісі 17 млн шақырым құрайды.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
16.09.2022, 11:00