Меню CARMA.KZ

Жапонияның дөңгелек өндірушілері әлем бойынша саудасын ұлғайтқан

Дөңгелектердің жеңіл автомобильдерге, жүк көліктері мен арнайы техникаға арналған кез келген түрінің саудасында өсім байқалды.

Жапонияның дөңгелек өндірушілері әлем бойынша саудасын ұлғайтқан  Фото: Yokohama
Жапонияның дөңгелек өндірушілері әлем бойынша саудасын ұлғайтқан Фото: Yokohama

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Bridgestone-ның саудасы 14 млрд долларды (6,7 трлн теңге) құрады. 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 25%-ға көп. Түзету енгізілген операциялық табыс 14%-ға, 3,37 млрд долларға (1,6 трлн теңге) дейін өсті.

Жеңіл автомобильдерге, жеңіл жүк көліктеріне, жүк және арнайы техникаға арналған барлық түрлері бойынша сауда көлемі өсіп отыр, деп жазады Colesa.ru. порталы.

Компаниядағылар алғашқы жартыжылдықта саудаға Қытайдағы локдаун, Bridgestone-ның америкалық бөлімшесіне жасалан кибершабуыл және Ресейдегі кәсіпорындарда дөңгелек өндірісінің және экспортының тоқтауы теріс әсер еткенін айтты. Аталған оқиғалар 120 млн доллар (57,7 млрд теңге) көлемінде залал келтірген.

Әлі де жойыла қоймаған қиындықтарға қарамастан Bridgestone 2020 жылға болжамдарын жақсартты. Компаниядағылар «премиум» санатындағы дөңгелектерге сұраныстың жоғарылығын және саудада өсім барын айтады. Болжанған пайда мен түзету жасалған операциялық табыс сәйкесінше 26,8 млрд-тан 29 млрд долларға дейін (12,9 трлн-нан 13,9 трлн теңгеге дейін) және 3,1 млрд-дан 3,3 млрд долларға дейін (1,5 трлн-нан 1,6 трлн теңгеге дейін) ұлғайтылды.

Өз кезегінде Sumitomo компаниясының өкілдері алғашқы жартыжылдықта олардың жұмысына геосаяси ахуал, инфляцияның үдеуі, Қытайдағы карантиндік шектеулер және жартылайөткізгіштердің тапшылығына байланысты автомобиль өндірісінің төмендеуі жағымсыз әсер еткенін атап өтті. Осыған қарамастан компания жоғарытехнологиялық өнімдерінің арқасында бәсекеге қабілеттілігін және брендтерінің құндылықтарын арттыра алды.

2022 жылдың бірінші жартысында Sumitomo дөңгелектерінің саудасы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,4%-ға өсіп, 3,8 млрд долларды (1,8 трлн теңге) құрады. Өсімге қайталама нарықта жазғы және барлықмаусымдық дөңгелектерге деген үлкен сұраныс себепші.

Sumitomo жылдың соңына дейін ассортиментін қайта қарап, пайда әкелмейтін кейбір дөңгелек типін шығаруды азайтпақшы. Компания сонымен қатар, Түркияда және Қытайда, оның ішінде электромобильдерге арналған үлкен диаметрлі дөңгелектер шығаруды көздеп отыр.

Компания 2022 жылға болжамын жақсартып, жалпы сауда көлемі 1,07 млрд долларды (514,6 млрд теңге) құрайды деп күтуде.

Toyo Tire дөңгелектерінің саудасы алғашқы жартыжылдықта 1,6 млрд долларды құрады (769,5 млрд теңге). Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп.

Компаниядағылар алғашқы жартыжылдықтағы басты жағымды жаңалық ретінде Сербияда зауыттың ашылуын атады. 2023 жылы кәсіпорын жобалық қуатына көшіп, жылына 5 млн дөңгелек шығаруы тиіс. Оның 3 млн-ы Еуропаға, қалғаны Солтүстік Америкаға жөнелтіледі.

Toyo Tire 2022 жылдың қорытындысына да болжамын жақсартты – сауда 3,6 млрд-тан 3,6 млрд долларға дейін (1,55 трлн 1,65 трлн теңгеге дейін) өседі деп күтуде.

Yokohama Rubber компаниясының табысы 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 28,8%-ға артып, 2,89 млрд долларды (1,4 трлн теңге) құрады. Мұндай өсімді ауыл шаруашылығы техникасы дөңгелектеріне сұраныстың көптігімен және шетелдік валютамен арақатынасында жапон иенінің әлсіреуімен түсіндіреді. Компаниядағылар жағымсыз факторлар ретінде шикізатқа шығыстардың артуы, автомобиль өндірісігің төмендеуі және әлемдегі геосаяси ахуалдарды атады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
19.08.2022, 15:01