Жаңартылған Mazda 3 пен CX-30-ға алдын ала тапсырыс қабылдау басталды
Бұл көліктердің сыртқы пішіні өзгеріссіз қалып отыр.
Жапондық Mazda компаниясы жаңартылған Mazda 3 және CX-30 көліктерінің алдын ала сатылымы басталғанын хабарлады. Жаңашылдық тек оның әрленуінен және орнатылған жабдығынан көрініс табатын болады.
Жапонияда Mazda 3 төрт мотор нұсқасында ұсынылған: Skyactiv-G 1.5, e-Skyactiv G 2.0, Skyactiv-D 1.8 және e-Skyactiv X. Mazda CX-30 кроссовері болса, біреуге кем: e-Skyactiv G 2.0, Skyactiv- D 1.8 және e-Skyactiv X.
Жаңартылған көліктер отын шығынын азайтуға, сондай-ақ іштен жанатын қозғалтқыштың жұмысынан болатын шу мен дірілді азайтуға қабілетті 2 литрлік Skyactiv-G PE-VPS бензин қозғалтқышымен жабдықталады, деп жазады «Автоновости дня».
Сондай-ақ жаңа машиналардың іші әлдеқайда сапалы материалдармен қамталған. Салондағы айнада жиектеме мүлдем жоқ және автоматты түрде күңгірттенеді, және опциалары қымбат табиғи терімен қамталған.
Жаңартылған Mazda 3-тің бағасы 2,3 млн-нан 3,8 млн иенаға дейінгі аралықта (8,2 млн-нан 13,8 млн теңге аралығында), ал СХ-30-дың бағасы 2,5 млн-нан 3,9 млн иена аралығында (8,8 млн-нан 14 млн теңге аралығында) тұратын болады. Көліктер 2022 жылдың тамыз-қыркүйек аралығында саудаға түседі.

Ербол Мухамбаев, корреспондент
06.08.2022, 17:30