Xiaomi электрокарлар шығаруға ниетті
Смартфон өндірушісі Beijing Automotive Group Co-мен бірлескен өндіріс туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.
Әлемдегі жетекші смартфон өндірушілерінің бірі Xiaomi Corp. Beijing Automotive Group Co. (BAIC) компаниясымен бірлесіп электромобильдер шығару жөнінде келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Bloomberg.
Bloomberg мәліметтері бойынша, тараптар ынтымақтастықтың әртүрлі нұсқаларын, соның ішінде Xiaomi Қытайда автомобиль өндіруге лицензиясы бар Бейжіңдегі HYUNDAI №2 зауытындағы үлесті сатып алуды қарастыруда. Xiaomi бұған дейін 2024 жылға дейін автомобиль өндірісі нарығына шығу ниеті туралы мәлімдеген. Бірақ жергілікті билік органдарынан тиісті лицензия алудың кешігуіне байланысты қазір лицензияланған серіктестерді іздеп жатыр.
Агенттіктің хабарлауынша, Xiaomi Corp. пен Beijing Automotive Group Co. ынтымақтастығы нәтижесінде нарыққа BAIC BluePark New Energy Technology Co брендімен жасалған электрлі көліктер шығады. Сонымен қатар, смартфондар нарығының көшбасшысы бұл маркаға ескіріп бара жатқан Бейжіңнің № 2 зауытын жаңартуға және Xiaomi-BAIC атауымен нарыққа шығуға көмектеседі.
Сонымен бірге, нарық екі компанияның ықтимал ынтымақтастығы туралы жаңалыққа жағымды әсер етті: Bloomberg News-тің компаниялардың ықтимал серіктестігі туралы хабарламасынан кейін Гонконгта Xiaomi акциялары 3,3%-ға, ал Шанхайда BAIC BluePark акциялары 8,8%-ға өсті. Алайда бұл алдын ала талқылау екенін, келіссөздер ресми келісіммен аяқталатынына кепілдік жоқ, дейді дереккөздер.
Бұған дейін Xiaomi-дің негізін қалаушы Лэй Джун 2024 жылдан бастап Xiaomi брендімен автомобиль өндірісіне он жыл ішінде шамамен 10 миллиард доллар инвестиция салуға ниет білдірді. Алайда, Қытайда автокөлік нарығындағы жаңа ойыншылар қазіргі уақытта Xiaomi-де жоқ құрастыру базасына қатысты бірқатар қатаң талаптарға жауап беруі керек — қазір смартфон өндіруші дайын және лицензияланған алаң іздеуге мәжбүр.
2008 жылы BAIC және оңтүстік кореялық Hyundai Motor Co. Бейжіңдегі Hyundai №2 зауытын ашты. Bloomberg Intelligence сарапшылары Стив Ман мен Джоанна Ченнің айтуынша, кәсіпорын қазіргі уақытта тиімсіз, зауыттың жүктеме деңгейі 50%-ға жетпейді. Сонымен қатар, қолданыстағы кәсіпорында үлесті сатып алу арқылы автомобиль нарығына шығу форматы ҚХР-да кең таралған.
Сонымен, WM Motor Holdings Ltd электрокар өндірушісі Гонконгта акцияларды бастапқы жария орналастыру барысында $1 млрд тарту мүмкіндігін қарастырып отырған Huanghai Auto компаниясын 2017 жылы лицензия алу үшін сатып алды. Ал 2018 жылы li Auto Inc.компаниясы Chongqing Lifan Auto Co-ны 650 миллион юань (95 миллион доллар) сатып алу арқылы лицензияға қол жеткізді. Сонымен қатар, бірқатар Батыс автомобиль өндірушілері, атап айтқанда, Jeep брендіне иелік ететін Stellantis NV Қытайдан кетеді, ол мұны санкциялар қаупімен және ҚХР билігінің бизнеске араласуымен түсіндірді.
Егор Васильев, корреспондент
28.08.2022, 15:20