Меню CARMA.KZ

Whoosh кикшеринг қызметі Нұр-Сұлтанның нарығына шықты

IoT-модулі бар электрлі самокатпен жүрудің бір минуты елорда тұрғындары үшін 35 теңге тұрады.

Whoosh кикшеринг қызметі Нұр-Сұлтанның нарығына шықты / Фото: Қазақстан Баспасөз клубы
Whoosh кикшеринг қызметі Нұр-Сұлтанның нарығына шықты / Фото: Қазақстан Баспасөз клубы

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанда Whoosh кикшеринг қызметі жұмыс істей бастады. Ол Қазақстанның басқаласында өзінің 1400 электрлі самокаттарына арналған тұрақ ретінде инфрақұрылым жасауды көздеп отыр.

Whoosh кикшеринг моделі қалада электрлі самокаттардың белгіленген тұрақтарын жасақтауды ұсынып отыр: компаниядағылардың айтуынша, бұл көшелерде самокаттардың жинақталып, жүргіншілер мен көлікке кедергі келтірмеуге мүмкіндік береді. Тұрақтарды жатын аудандармен қатар, елорданың орталығында да бір-бірінен алыс емес қашықтықта құрмақшы. Сонымен қатар компания самокаттардың тұраққа дұрыс қойылуын, қаланың әр бөлігінде жылжымалы құрамдардың біркелкі бөлінуін, сондай-ақ олардың техникалық дұрыстығы мен әрбір самокаттағы қуат деңгейін қадағалап отыратын арнайы команда жасақтайтын болады.

Whoosh-тың Нұр-Сұлтандағы базалық тарифінде самокатпен жол жүру старты 100 теңге, минуты — 35 теңге тұрады. Жол жүрудің құны сұранысқа, қолжетімді самокаттардың саны, олардың қуаты мен басқа да параметрлеріне байланысты бағажасаудың құбылуы алгоритмі бойынша өзгеруі мүмкін. Самокаттарды жиі пайдаланатындарға  Whoosh Pass-қа жазылу тиімді болмақ. Мұнда жол жүрудің старты үшін ақы алынбайды. Жазылу аптасына 250 теңге және бір айға 490 теңге тұрады. Жаңа қолданушылар жеті және отыз күнге жазылуларына болады. Айта кетейік, Whoosh сервисі маусымнан бастап Алматыда іске қосылды. Бұл қаланың тұрғындары компанияның самокаттарымен біржарым айда 300 мың шақырым жол жүріп тастаған.

Алматыда жол жүрудің орташа ұзақтығы 16 минутты құрады: компаниядағылар оңтүстіктегі ірі қала тұрғындары самокаттармен қаладағы кептелістерді айналып өтіп жеке шаруаларымен жиі және қысқа сапарлар жасайтын болған. Whoosh қозғалыс құралының жылдамдығын әзірлеушілер сағатына 25 шақырымға дейін шектеген, ал адамдар серуендейтін көшелер мен кісі көп жиналатын жерлерде, мысалы Жетісу, Орталық саябақтарында, Студенттер саябағында, Отан қорғаушылар ескерткіші маңында, Желілік саябақта, Ботаникалық бақ пен Экпо-бақта жылдамдық сағатына 15 шақырымға дейін төмендетіледі. Ал тыйым салынған аймаққа кірген кезде құрал арнайы дыбыс белгісін беріп, тоқтайды.

Естеріңізге сала кетейік, газ аппаратуралары ауданы мен «Тұлпар» сауда үйі сыртындағы жеке секторында электрлі самокаттардың қозғалысына тыйым салынған. Осы талаптарды автоматты түрде сақтауға Whoosh-тың әрбір самокатына қондырылған IoT-модуль көмектеседі. Бұл модуль сондай-ақ көлік құралының жағдайын қадағалауға, оның тұрған орнын анықтауға, қуатының деңгейін, қаланы әр аймағындағы жолдың сапасы туралы ақпарат алуға, самокат ұрланған жағдайда бұғаттауға немесе бұзылып тұрса жалға беруден шығаруға мүмкіндік береді. Құралдан келіп түсетін деректер қалалық ортаның қалалықтардың микромобильділігі туралы есеп түзуге көмектеседі.

Кикшерингтік сервисті әрбір пайдаланушы алғашқы сапарының алдында сервистің қосымшасында қалалық ортада самокатты қауіпсіз басқару ережесіне үйрететін нұсқаулықтан өтеді. Осыдан соң тест тапсыруы қажет. Тест тапсыруға ынталандыру мақсатында жеңілдікке промод беріледі. Сонымен қатар Whoosh тамыздың соңында елордада жүргізушінің тегін онлайн-сабағын өткізгелі отыр.

«Қазақстанның басқаласында сервисімізді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз, қалада көлік инфрақұрылымы жақсы қарастырылғанына қарамастан, біздің самокаттарымыз олардың қатарынан табылып, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймыз. Заманауи кикшерингтік сервис көлік сценарий бойынша да, адамдар кептелістерді айналып өтіп өз жұмыстарымен жүруге, қала қонақтарына Нұр-Сұлтанның көрікті жерлерін көруге көмектесе отырып туристік сценарий бойынша да пайдаланылады. Біз осынау заманауи қаламен қатар дамып, қала тұрғындары мен қонақтарына шаһарды одан сайын тартымды және жайлы етуге көмектесетін боламыз», — деді Whoosh сервисінің негізін қалаушы және бас директоры Дмитрий Чуйко.

Whoosh — микромобильділіктің көлік шерингі үшін шешімдерді дербес әзірлеп енгізеді, сондай-ақ қысқа қашыққа қатынауға арналған аттас сервисті басқарады. Қазіргі уақытта қызмет 40-тан астам қалада, оның ішінде 1 миллионнан астам халқы бар 20 агломерацияда жұмыс істейді. Компания паркінде 85 000-нан астам электрлі самокаттар мен электрлі велосипедтері бар, оның аудиториясы қазіргі уақытта 8 миллионнан астам пайдаланушыны құрайды. Whoosh статистикасына сәйкес, 2021 жылы 40 қалада, оның ішінде халқының саны 1 млн-нан асатын мегаполистерде адамдар үйден жұмысқа, фитнес-орталыққа немесе сауда үйіне дейін жасаған сапарларының 80%-дан астамында электрлі самокаттарды немесе велосипедті пайдаланған.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
09.08.2022, 13:48