Ұсталған Lada Granta қалдық құн деңгейі бойынша алда тұр
Lada Granta 5 жыл пайдаланылғаннан кейін бастапқы құнының 74,9%-ын сақтап қалады.
Ұлттық өнеркәсіп ақпараты агенттігінің талдаушылары 2019-202 жылдары шыққан автомобильдердің орташа бағасына талдау жүргізіп, көліктердің 2027 жылға дейінгі қалдық құнына болжам жасады.
Ресейдегі танымал седандардың арасында құнын сақтап қалғандардың тізімін Lada Granta бастап тұр. Бұл автомобиль 3 және 5 жыл пайдаланылғаннан кейін өзінің бастапқы құнының сәйкесінше 86,1% және 74,9%-ын сақтап қалады.
Екінші орында — Hyundai Creta, ол 3 жыл пайдаланылғаннан кейінгі бағасы бастапқы бағасының 82,1%-ын құрайды, ал 5 жылдан кейінгі бағасы 74,6%-ын құрайды. Үшінші және төртінші орындарда — Lada Vesta (80,1% және 70,8%) мен KIA RIO (79,1% және 70,6%).
Ербол Мухамбаев, корреспондент
15.08.2022, 12:45