Меню CARMA.KZ

Toyota-ның жаңа электромобилінің фотосуреті жарияланды

Жаңа электрлі седан туралы ақпарат Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігінің сайтында пайда болды.

Toyota-ның жаңа электромобилінің фотосуреті жарияланды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Toyota-ның жаңа электромобилінің фотосуреті жарияланды / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңа Toyota bZ3 седаны Camry-ге қарағанда біршама ықшам болады. Оның ұзындығы — 4725 миллиметр, ені — 1835 миллиметр, биіктігі — 1475 миллиметр, Доңғалақ базасы — 2880 миллиметр.

Қытай нарығында автомобиль тек артқы жетекті нұсқада ұсынылмақ. Қозғалтқыштың қуаты — 184 немесе 245 ат күші, деп жазады қытайлық Autohome порталы.

Аккумуляторларды жеткізуді BYD концерні, ал Қытайда құрастыруды Toyota және FAW бірлескен кәсіпорны өз мойнына алады. Жаңа Toyota bZ3-тің болжалды бағасы шамамен 30 мың долларды (14,3 млн теңге) құрайды.

Көлікті 2022 жылдың көктемінде таныстыруды жоспарлаған. Алайда, жартылай өткізгіштерді жеткізудегі мәселелерге байланысты шығару уақыты кейінге қалдырылды. Toyota-ның өзі жаңа электромобильді әлі ресми түрде көрсетпегенін айта кетейік.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
28.08.2022, 13:20