Меню CARMA.KZ

Тайваньда жаңа автомобильдердің саудасы төмендеді

2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында Тайваньда 203 мың жаңа машина сатылған.

Тайваньда жаңа автомобильдердің саудасы төмендеді / Фото: iz.ru
Тайваньда жаңа автомобильдердің саудасы төмендеді / Фото: iz.ru

2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Тайваньда жаңа автомобильдердің нарығы 2021 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға төмендеді. Алайда 2022 жылдың маусымында 32,2 мың жаңа машина сатылып, сауда деңгейі артқаны байқалған. Бұл 2021 жылдың маусым айындағы көрсеткіштен 16,8%-ға көп.

Тайваньның автомобиль нарығының үштен бір бөлігі Toyota-ға тиесілі. Алайда 2021 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда жыл басынан бері осы марканың машиналары 0,2%-ға ғана сатылған.

Екінші орында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда биылғы сәйкес кезеңде 4,9% көп машина сатқан Honda тұр. Honda автомобильдерінің маусымдағы сауда деңгейі 54,2% өсім көрсетті.

2020 жылы Тайваньда 451,2 мың машина сатылған (2019 жылмен салыстырғанда 3,5% өсім), көрсеткіштер 2021 жылы 1,1%-ға төмендеді (449,8 мың автомобиль), деп жазады Focus2Move талдау агенттігі.

Сауда 2022 жылдың І тоқсанында 14,2%-ға, екінші тоқсанда тағы 1,4%-ға төмендеді.

Салыстырар болсақ, Қазақстанда алты айда 51,7 мың автомобиль сатылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 7%-ға төмен: 2021 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында 56,1 мың машина саудаланған.

Саланың талдаушылары мен нарықтың қатысушыларының пікірінше, бірінші жартыжылдықта саудадағы динамикаға бірнеше фактор, атап айтқанда жартылай өткізгіштердің тапшылығы, логистикалық тізбек жұмысының бұзылуы, Шығыс Еуропадағы геосаяси шиеленіс, «рубль-теңге» жұбындағы бағамның күрт көтерілуі және Ресейден жеткізулердің қысқартуы әсер еткен.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
04.08.2022, 09:15