Меню CARMA.KZ

Suzuki Motor жаңа «кедейлерге арналған модельді» таныстырды

Азлитражды Alto K10 Үндістанда құрастырылып, құны теңгемен есептегенде 2,1 млн-нан басталады.

Suzuki Motor жаңа «кедейлерге арналған модельді» таныстырды / Фото: carwale.com
Suzuki Motor жаңа «кедейлерге арналған модельді» таныстырды / Фото: carwale.com

Suzuki Motor дамушы елдерге арналған өте арзан тұратын Alto K10 моделін таныстырды, деп жазады ресурс motorpage.ru.

Жаңа модель Үндістанда таныстырылды, өндірісі де осы елде жолға қойылады. Ресейлік басылымның деректері бойынша, тек қана дамушы елдердің нарықтарына сатылатын бұл жаңа автомобиль 300 мың рубль шамасында болады, яғни қазіргі бағам бойынша 2,1 млн теңгеден сәл асады. Жапондық өндіруші үндістердің экологиялық талаптарын елеп-екшеген. Үндістанда Alto K10-ның бұған дейін екі буыны шығарылды. Алайда BS6 («Евро-6» баламасы) нормаларына сәйкес келмегендіктен, 2020 жылы өндірістен алынды.

Жаңа көлік үндістандық барлық сертификациялық талапқа дәл келеді және өзгертілген үшінші буын Alto K10 бесесікті хэтчбек типінің бұрынғы шанағымен, аздап өлшемі өзгеріп шығады. Оның ұзындығы, ені және биіктігі сәйкесінше 3530, 1490 және 1520 мм, дөңгелек базасы — 2380 мм. Алдыңғысына қарағанда ұзындығы мен биіктігі сәйкесінше 85 мм және 45 мм ұлғайды, біліктерінің арасы 20 мм-ға өсті.

Жаңа Alto K10-да 1,0 литрлік бензинді, қуаты 67 ат күшіне тең және айналу сәті 89 Нм құрайтын Suzuki K10C турбоқозғалтқыш болады. Бірақ ол сатып алушының таңдауына қарай не 5-сатылы механикалық қораппен, не автомат-қораппен біріге жұмыс істейді. Жаңа модельдің моторы цилиндрге қондырылған екі бүріккішпен және старт-стоп жүйесімен жабдықталады. Автомобиль орташа алғанда 100 шақырымға 4 литрдей бензин шығындайды.

Alto K10-ның қымбаттау нұсқаларында кондиционер, жеті дюмьдық экраны бар медиажүйе, төрт динамикалы аудиокешен АВС жүйесі және екі қауіпсіздік жастығы болады. Дегенмен жаңа нұсқа бағасымен тартымды болып отыр. Ол әлемдегі ең арзан көлік болып саналады. Үндістанда базалық жиынтығы 399 мың рупий, долларға шаққанда 4,4 мың тұрады.

Осылайша Suzuki Motor-дың жаңа моделі әлемдегі ең арзан модельдердің қатарына енді. Бірінші орында — үндістандық нарықтағы бәсекелесі Bajaj Qute (3,4 мың доллар) мен қытайдың седаны Letin Mengo (ол да 4,4 доллар тұрады). Ал қытайлық Wuling Mini EV (7 мың долларға дейін) пен үндістандық хэтчбек Tata Tiago сәл қымбатырақ.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
23.08.2022, 12:30