Шілдеде Қазақстанда жаңа автомобильдердің саудасы 9%-ға өсті
Айдың қорытындысы бойынша ең көп автомобиль — Алматыда, ең азы Сарыағашта сатылған.
Шілдеде қазақстандықтар автосалондардан жеңіл автомобиль, автобустар мен коммерциялық техниканы қоса алғанда 11 637 бірлік техника сатып алған. Салыстыру үшін айтар болсақ, былтырғы шілдеде ресми дилерлер 10 670 бірлік техника сатқан. Осылайша сауда екі жылғы айлардың арасында 9%-ға өскенін көрсетті.
АТМО-дағылар мұндай динамикаға жеткізушілер мен сатушылардың тауар қоймаларында ресейлік өндірістен шыққан автомобильдерге тапшылық, Қазақстанның өндірушілері жедел қайта бағдарланып, ішкі нарықты толтыруға баяу әрекет етуі әсер етті деп түсіндірді.
Жаңа автомобильдер шілдеде негізінен Алматыда (2 936 бірлік), Нұр-Сұлтанда (2 076 бірлік) және Шымкентте (1 382 бірлік) көп сатылды. Петропавл, Екібастұз және Сарыағаш айдың қорытындысы бойынша сауданың көш соңында қалды (сәйкесінше, 101, 74 және 3 автомобиль).
Шілдедегі үздік 5 бренд:
- Chevrolet — 4 004 бірлік.
- Hyundai — 2 607 бірлік.
- KIA — 1 350 бірлік.
- Toyota — 903 бірлік.
- LADA — 675 бірлік.
Шілдедегі үздік 5 модель:
- Chevrolet Cobalt — 2 796 бірлік.
- Chevrolet Nexia — 957 бірлік.
- KIA Sportage — 917 бірлік.
- Hyundai Tucson — 810 бірлік.
- TLC Prado — 491 бірлік.
АТМО атап өткендей, қаңтар мен шілде аралығында барлығын қосқанда, жаңа автомобильдердің саудасы 63,4 мың бірлікті құрады. Жеті айдың қорытындысы бойынша сауда 5%-ға төмендегінін байқатты. (былтырғы дәл сондай кезеңде 66,8 мың сатылған). Оған себеп — ресейлік автозауыттардан жеткізулердің тоқтатуы.
«Бүгінгі жағдайларда біздің еліміз жаңа автомобильдердің саудасында өсім сақталып отырған немесе 2021 жылмен салыстырғанда бұрынғы деңгейін сақтап қалған санаулы елдердің бірі. Сұраныс негізінен қазақстандық автоқұрастыру кәсіпорындары ұсынатын бастапқы және орташа баға сегменттерінде шоғырланған», — деп пікір білдірді АТМО атқарушы директоры Алмас Дүйсенбай.
Естеріңізге сала кетейік, алты айдың қорытындысы бойынша, алты айда ресми дилерлер жеңіл автомобиль, коммерциялық техника, жүк көліктері мен автобустарды қосқанда барлығы 51 780 автомобиль сатты. Ағымдағы нәтиже былтырғыдан тек 7%-ға ғана төмен. Былтыр қаңтар мен маусым аралығында 56 109 автомобиль сатылған. Саланың талдаушылары мен нарықтың қатысушыларының пікірі бойынша, алғашқы жартыжылдықтағы сауда динамикасына жартылай өткізгіштерге қатысты туындаған дағдарыс, логистикалық тізбек жұмысының бұзылуы, Шығыс Еуропадағы геосаяси шиеленіс, «рубль-теңге» жұбындағы бағамның күрт көтерілуі және Ресейден жеткізілулердің қысқаруы секілді көптеген фактор әсер еткен.
Автомобиль нарығын талдау және мониторингі орталығының сарапшыларының пікірінше, екінші жартыжылдықта сату динамикасы Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған нысандардағы өндірістік қуаттарды арттыру мүмкіндіктерімен, теңгенің ресей рубліне қатысты бағамымен және АҚШ доллары, сондай-ақ нарық қатысушылары логистикалық тізбектердің жұмысын қаншалықты жылдам ұйымдастыра алады.
Олжас Сабитов, журналист
15.08.2022, 16:32