Сарапшылар ең үздік қытай автомобильдерін атады
Көліктерді «сипаттамасы, орындалуы мен құрастырылуы» бойынша бағалады.
Америкалық J.D. Power агенттігінің Қытайдағы бөлімшесі жергілікті автомобиль иелері арасында сауалнама жүргізіп, экстерьері, отаналдырылуы, мініп-түсудің ыңғайлылығы, интерьері, өнімділігі, жүргізуден алатын әсер, қауіпсіздік, мультимедиа жүйесі, жүріс кезіндегі жайлылық және отын үнемдеуі секілді негізгі 10 тармақ бойынша үздік көлікті анықтады.
Қытайлық автосүйер қауым бәрінен де көліктің қауіпсіздігіне басымдық береді. Десек те осы критерий бойынша берген бағалары осының алдындағы сауалнаманың нәтижесімен салыстырғанда аздап төмендеген, деп жазады «Қытайлық автомобильдер» порталы.
Қытайда жүргізушілер электрокарлар мен гибридтерді көбірек ұнатады — бензинді қозғалтқышпен жұмыс істейтін машиналарға қарағанда оларға берген бағалаулары жоғары.
Әлемдік үздік 15 брендтің қатарына қытайлық GAC Trumpchi, Geely, Dongfeng Forthing, Roewe мен Chery еніп отыр.
Нақты модельдерге келер болсақ, қолжетімді орташакөлемді седан деп Chery Arrizo 5 Plus танылды, екінші орында — Changan Eado Plus. Орташакөлемді орташа баға диапазонындағы седандар арасында ең жақсысы қос Geely — Binrui мен Preface.
Қытайлықтардың таңдауы бойынша, әлемдегі ең кішкентай кроссоверлер GAC GS3 мен Geely Vision X3 болды. Ал шағын SUV-тердің қатарынан үздігі Haval M6 болса, орташа көлемді кроссоверлерден — Dongfeng Fengshen AX7 мен Chery Tiggo 8 Pro-ның аты аталды.
«Көрші елдердің нарықтарындағы тұтынушылардың ықыласы бір-біріне ұқсамауы мүмкін, сол себепті де жоғары аталған брендтердің көпшілігі қазақстандық нарықта ұсынылмайды. Баға/сапа және сервистің қолжетімділігінің тұрғысынан отандық тұтынушылар электрлі тартымды автомобильдердің бәсі жоғары.
«Қытайлық модельдердің арасынан қазақстандықтар көбіне JAC S3 пен J7-ні таңдайды — бұл автомобильдер елімізде жерсіндірілген және нарықта жағымды пікірге ие», — дейді АТМО-ның атқарушы директоры Алмас Дүйсенбай.
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Қазақстанда 2 981 қытайлық автомобиль сатылған:
- JAC — 1 231 машина;
- Chery — 995;
- HAVAL — 499;
- EXEED — 256.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021 жылдың бірінші жартысында Қазақстанда биылғымен салыстырғанда қытай машиналары өте аз сатылған. Ол кезде отандық нарықта 1 395 автомобиль сатылған:
- JAC — 1 034 машина;
- HAVAL — 361.
Қытайлық автомобиль өндірушілерін тек Қазақстан емес, Ресей де қызықтырады. 2022 жылдың ІІ тоқсанында Ресейге автомобиль импортының 80%-ын Аспанасты елі қамтыды. 2022 жылдың І тоқсанында оның үлесі бұдан да көп болды. Ол кезде елге 32 мыңнан астам көлік әкелінді. Жаңа автомобильдің үлесі 65%-ды құрады. ІІ тоқсанда 25 мың машина импорталды, оның 68%-ы жүрілген машиналар.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.08.2022, 16:27