SAIC Volkswagen Қытайда 22 млн-нан артық көлік сатты
Аспанасты елінде осындай көрсеткішке Қытай-неміс бірлескен компаниясында өзге ешкім жеткен емес.
SAIC Volkswagen компанияның Қытайда 22 млн-нан астам өз көлігін сатқанын жариялады. Бұл Skoda мен Audi құрылымдары әкелген автомобильдерді қоспағандағы сан. 2022 жылдың маусымында Қытайда 122,1 мың Volkswagen сатылған, яғни былтырғы осы аймен алыстырғанда екі есе артық.
Барлығы жарты жылда Volkswagen 549 мың автомобиль сатқан. Бұл 2021 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 7,68%-ға көп, деп жазады CarNewsChina басылымы.
SAIC Volkswagen компаниясы Қытайда 1984 жылы қазан айында пайда болды. Бұл Shanghai Automotive Industry Corporation (SAIC) мен Volkswagen Group-тың бірлескен кәсіпорны. Компания Аспанасты елінде Beijing-Jeep-тен кейін екінші тұр.
SAIC Volkswagen-ның бас зауыты Антинга қаласында орналасқан. Сондай-ақ Ичжэнь, Нанкин, Үрімші мен Чаншеде зауыттары бар. Компания Қытайда жергілікті нарық үшін Volkswagen-ның Lavida, Santana, Lamando, Passat, Tiguan, Viloran және Polo модельдерін шығарады.
Сонымен бірге SAIC Volkswagen-ның Skoda және Audi құрылымдары бар. Олар жергілікті нарықта Rapid, Superb, Kodiaq, Octavia, сондай-ақ Audi Q5 e-Tron, Audi A7L және жуырда шыққан Audi Q6 саудалайды.
Қытайда SAIC Volkswagen-ның модельдер қатарынан Volkswagen Lavida седанына сұраныс зор. Олар бұл модельді 2008 жылдан шығара бастады. Осы уақыт ішінде компания жергілікті нарықта 5 млн-нан артық Lavida көлігін сатты.
SAIC Volkswagen-дегілер індет кезінде карантиндік шектеулерге байланысты сауда айтарлықтай төмендеп кеткенін, алайда қазір компания індетке дейінгі көрсеткіштерге жетіп алғанын айтады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
04.08.2022, 13:48