Меню CARMA.KZ

Ресейлік ірі автодилер Ресейде сауда 70%-ға құлдырайтынын айтты

«РОЛЬФ» автохолдингі жаңа автомобильдер нарығында сауданың төмендеуін ресей нарығында сатуға ұсынылып жатқан көліктің аздығымен байланыстырады.

Ресейлік ірі автодилер Ресейде сауда 70%-ға құлдырайтынын айтты / Фото: rolf.ru
Ресейлік ірі автодилер Ресейде сауда 70%-ға құлдырайтынын айтты / Фото: rolf.ru

Ресейдің табысы жоғары автолидерінің бірі «РОЛЬФ» 2022 жылдың қорытындысы бойынша жаңа автомобильдердің саудасы 70 пайызға құлдырап, 2023 жылы да автомобиль саудасы өте төмен болады деп болжайды, деп хабарлады Interfax.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жаңа автомобильдердің сауда көлемі айтарлықтай қысқаратынын байқап отырмыз. Бұл саудада көліктің шектеулі ғана болуымен және жеткізу мен логистика тізбегіндегі дүдәмалдыққа байланысты, — делінеді компанияның есебінде. Аталмыш есепте келер жылы да осындай жағдай орын алатыны айтылады.

Еуропаның бизнес қауымдастығының деректері бойынша, Ресейде 2021 жылы 1 млн 666 мың 780 жаңа жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобиль сатылған. Бұл коронавирус індетіне байланысты шектеулер енгізілген 2020 жылғыдан 4,3%-ға көп. Демек, «РОЛЬФ»-тың болжамына сәйкес, биыл Ресейде жарты миллионнан сәл артық жаңа автомобиль сатылатын болады.

Әзірге бұл пессимистік болжамдары нақты сандардан байқалып жатыр: Еуропаның бизнес қауымдастығының дерегі бойынша, биылғы 7 айда Ресейде жаңа автомобильдердің сауда нарығы 60,5%-ға, 368,9 мың данаға дейін төмендеп кетті. Оған саяси жағдай ғана емес, сонымен қатар шет нарықтарда автомобильдердің тапшылығы мен 2022 жылдың екінші жартысында шешіліп қалуы тиіс логистикалық мәселелер әсер етіп отыр.

Логистикалық тізбек қалпына келгеннен кейін барып жеткізудің перспективалары мен оның қалпына келу мерзімдері туралы сөз қозғауға болады, деп айтылады «РОЛЬФ»-тың есебінде. Ресейдің ірі автодилері тапшы брендтерді ресей нарығында бұрын болмаған модельдермен алмастыру үшін Азияның өндірушілерімен және дистрибьюторларымен тұрақты қатынас ұстап отырғанын және ЕАЭО елдерінің өндірушілерімен серіктестік қатынастарды жолға қойып жатқандары атап өтті

«РОЛЬФ» мамандары шетелдік брендтердің зауыттарына барып, ресей нарығына шығуға ынта білдірген өндірушілермен, және олардың нақты модельдерімен танысып жатыр. ЕАЭО елдерінен бөлек, Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Үндістан, Ираннан жеткізудің жаңа нұсқалары қарастырылды. Ал алдағы уақытта заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін Қазақстаннан да автомобиль тасымалдауға мүмкіндік туады. Біздің портфеліміздегі 21 шетелдік брендтен тек Ford қана РФ-да қызметін тоқтата тұруға ниет білдірді, — деп еске салды компаниядағылар.

Дилер жаңа автомобильдермен қатар, жүрілген автомобильдерге белгінген бағаның болмауы авторитейлерлерге көзделмеген шығындарды өтеуге, сондай-ақ инфляциялық құраушылардың өсуінен қосымша табыс табуға мүмкіндік береді деп атады. Холдинг пайдаланылған автомобильді сатып алумен айналысатын аймақтардағы желілерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Самара, Қазан, Екатеринбург, Краснодар мен Дондағы Ростовтағы жұмыс істеп тұрған орталықтардың тізіміне жылдың соңына дейін Төменгі Новгород, Тюмень, Набережные Челны, Челябинск, Уфа, Сочи, Волгоград, Омбы, Воронеж, Ярославль мен Новосибирь қалаларында жаңасы қосылады.

Дейтұрғанмен, осының алдында бұдан жағымдырақ болжам пайда болған: бұрын Pricewaterhouse Coopers-тің ресейлік бөлімшесі болған қазір «Сенім технологиясы» деп аталатын аудиторлық-консатингтік компания биылғы шілденің ортасында 2022 жылдың қорытындысы бойынша ресей нарығында 1,090 млн жаңа автомобиль саудаланып, нарықбар болғаны 28%-ға төмендейді деген болатын. Шыны керек бұл компания пессимистік болжамды да айтқан және онысы «АвтоВАЗ» сарапшыларының биылға берген болжамымен дөп түсті. Соңғылары егер шетелдік инвесторлар одан әрі кете беретін болса және мемлекет саланы қолдамаса Ресейде 2022 жылы барлығы 750 мың бірлік жеңіл автомобиль сатылады деген.  

«АВТОСТАТ» сарапшылары 2022 жылы жаңа автомобильдің сауда көлемі 620 мың бірлікті құрайды деп болжайды, ал егер нарық пессимистік сценарий бойынша жүретін болса, онда жыл ішіндегі сауда көлемі 570 мың дананы құрауы мүмкін. Ал ресей нарығының қалпына келуінің шындыққа жақындау сценарийі бойынша сатылған көліктердің 1 млн-ға жету көрсеткіші 2024-2025 жылдан ертерек бола қоймайды.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
26.08.2022, 13:05