Меню CARMA.KZ

Ресейде қытай кроссоверлерінің қосалқы бөлшектері қымбаттап жатыр

Кейбір қосалқы бөлшектердің бағасы екі еседен артық қымбаттады.

Ресейде қытай кроссоверлерінің қосалқы бөлшектері қымбаттап жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ресейде қытай кроссоверлерінің қосалқы бөлшектері қымбаттап жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

2021 жылғы тамыздан бері Ресейде қытай кроссоверлерінің түпнұсқа қосалқы бөлшектері қатты қымбаттап кетті. Бір жылда сақтандыру себеті бойынша бағалар 39-128%-ға өсті, деп мәлімдеді Ресейдің Өнеркәсіп ақпаратының ұлттық агенттігіндегілер.

Бәрінен де көліктің артқы қанаты қатты қымбаттады (+128,6%). 2021 жылдың тамызынан бері орташа баға 27,7 мыңнан 63,2 мың рубльге дейін (214,6 теңгеден 490,4 мың теңгеге дейін) өсті. Сондай-ақ дөңгелек дискілері мен алдыңғы бампер 2 еседен артық қымбаттады.

Қытай кроссоверлерінің қосалқы бөлшектері қаншаға қымбаттады / Дереккөз: НАПИ
Қытай кроссоверлерінің қосалқы бөлшектері қаншаға қымбаттады / Дереккөз: НАПИ

Естеріңізге сала кетейік, 2035 жылға қарай Ресейде отандық ішкі жану қозғалтқыштары мен оның құрамдастарын, автоматты беріліс қорабын, ABS және ESP жүйелерін, сондай-ақ қауіпсіздік жастығын әзірлеп, шығара бастау жоспарланған.

Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі жергілікті кәсіпорындарда 1 деңгейлі электронды құрамдастарының біразы қазірдің өзінде дайын. Алдағы уақытта ABS және ESP жүйелерін, сондай-ақ қауіпсіздік жастығын әзірлеу міндеті тұр деп мәлімдеді.

«Ресейде 2 және 3 деңгейлі электронды құрамдастардың көп бөлігі жаппай өндірісте жоқ немесе мүлдем игерілмеген, бұл жерсіндіру дейін одан әрі арттыруға кедергі болады», — делінеді стратегияда.

2035 жылға қарай құрамдастардың өндірісіне құйылатын инвестицияның болжалды көлемі 190 млрд рубльді (1,5 трлн теңге), деп жазады ТАСС.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
24.08.2022, 16:18