Қытайлық «Toyota Camry бәсекелесі» Чэнду автосалонында көрсетілді
Chery Arrizo 8 Қытайда 114 мың юань (7,9 млн теңге) тұрады.
Қытайдың Chery компаниясы Чэнду автосалонында Arrizo 8 седанын таныстырды. Бизнес санатқа жататын Arrizo 8 седаны Toyota Camry мен Kia K5-ке бәсекелес болмақ. Бірақ Chery автомобилі ықшам әрі қарапайым, ал ең бастысы — әлгі екеуінен біршама арзан. Қытайда бұл модель 2022 жылдың 26 тамызынан бастап саудаға шықты. Ал дилерлерге қыркүйекте түседі.
Көлемі жағынан Arrizo 8 бүгінгі C және D сананттар арасында тұр. Ұзындығы — 4780 мм: бұл Corolla-дан 150 мм ұзынырақ, бірақ Camry-ден 105 мм-ге қысқа. Әйтсе де дөңгелек базасының көлемі бойынша Camry-ден тек 35 мм ғана кем: осьтерінің арасы 2790 мм. Ені (1843 мм) және биіктігі (1469 мм) бойынша жапондық модельмен арасындағы айырмашылығы шамалы ғана, деп атады АВТО Ревю.
Интерьер алдыңғы панельде екі экранды (әрқайсысы 12,3 дюмдық) заманауи канонмен жабдықталған. Клиенттердің таңдауына үш әрлеу нұсқасында: базалық қара түстен басқа, көк және жасыл реңкті аралас сұлбалары бар. Базада он қауіпсіздік жастығы, орташа опциясында нақтылықпен толтырылған проекциялық дисплей, панорамалық төбе, Мерседестердегідей есіктерде орнатылған басқару пульті бар алдыңғы отырғыштардың электрлі жетегі бар. Arrizo 8-де бейімделген круиз-бақылау, автоматты тежелу және жолақтан ауытқымау жүйелері де болуы мүмкін. Алдыңғы шыны алдында камера көзі — ол бет-әлпетті тану және жүргізушінің шаршағандығын бақылау жүйесі болып табылады.
Барлық техникасы кроссоверлермен сәйкестендірілген. Arrizo 8 GT түрінде — 1,6 турботөрттік (197 а.т., 290Нм) және екі сулы ілінісі бар жетісатылы «робот». Ресейде мұндай қозғалтқыш Exeed TXL моделіне орнатылады, деп жазады «Қытайлық автомобильдер» порталы. Максималды жылдамдық — сағатына 205 шақырым. Тек қана алдыңғы жетекті, барлық нұсқаларда тәуелсіз артқы аспа болады.
Chery Arrizo 8 орташа алғанда отын шығындауы 100 шақырымға 6,5 литр, ал максималды жылдамдығы — сағатына 205 шақырым.
Автомобиль жылдамдығын 6,5 секундта сағатына 100 шақырымға дейін үдете алады.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
29.08.2022, 17:00