Қытайдан жеңіл автомобильдердің экспорты 40%-ға өсті
Fitch Ratings есебі бойынша, Қытайда жеңіл автомобильдер нарығы жылдам қалпына келді.
Қытайдан жеңіл автомобильдер экспорты 2022 жылдың екінші тоқсанында былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 40%-ға өсті. Оған электромобильдерге сырттан сұраныстың көптігі және өзге аймақтарда жеткізудегі осал жерлер себеп болған.
«Микрочиптердің қатты тапшылығына байланысты төмен деңгей көрсеткен былтырғы жылмен салыстырғанда 2022 жылдың үшінші тоқсанында одан да күшті қалпына келу ытималдығы жоғары», — деп келтіреді Fitch Ratings есебінен China Daily.
Маусым айында жеңіл автомобильдердің көтерме жеткізілуі жылдық есептеуде 42 пайызға өсті, ал бөлшек сауда болса былтырғымен салыстырғанда 22 пайызға өскен. Мұндай көрсеткішке, сірә, мамырдан кешіккен кейбір тапсырыстар мен шілдедегі аванстық сұраныс себеп болған секілді, делінеді Fitch Ratings есебінде.
Сәуір мен мамырда өндірістің тоқтауы мен жеткізілу тізбегіндегі осал жерлерге байланысты орын алған құлдырауға қарамастан электромобильдерді жеткізу былтырғы жылмен салыстырғанда екінші тоқсанда екі есе артып, жеңіл автомобильдер жеткізу құрылымында 26 пайыздан артық болды.
Ресми мәліметтер жаңа энергия көздерімен (NEV) жүретін автомобильдердің саудасы маусымда 596 000 бірлікті құрап, рекордтық деңгейге жетті. Бұл былтырғы маусым айымен салыстырғанда 1,3 есеге артық.
Вадим Григорьев, журналист
02.08.2022, 09:20