Меню CARMA.KZ

Қытай пилотсыз автобустарды пайдалану ережесін әзірлеп жатыр

Құлтемір басқаратын автобустар адамдар көп шоғырланатын жерлерге қатынамайды.

Қытай пилотсыз автобустарды пайдалану ережесін әзірлеп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қытай пилотсыз автобустарды пайдалану ережесін әзірлеп жатыр / Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қытай үкіметі пилотсыз қоғамдық көлікті пайдаланудың ұлттық ережесін әзірлеп жатыр. Тиісті құжатты жергілікті көлік министрлігі жариялады. Ережелердің жобасы 2022 жылдың 7 қыркүйегіне дейін талқыланбақ.

Ухань қаласының билігі Baiduна компаниясына толықтай пилотсыз таксиді пайдалануға рұқсат бергеннен кейін ереже әзірлеудің қажеттігі туындады.

«Пилотсыз көлік құралдарына қатысты Ұлттық жоба дәл осындай ережелерді жасауына тура келетін жергілікті билік органдарына үшін көмекші құрал бола отырып, жалпы саланы жақсы реттейтін болады», — деді Бейжіңдегі Солтүстік-қытай технологиялық университетіндегі Автомобиль өнеркәсібі инновацияларын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Чжан Сян.

Аталмыш құжат автономды басқаруды коммерцияландыруға жасалған алғашқы қадам болмақ және жергілікті билікті құлтемірлі автобустар мен таксилерді енгізуге ынталандырады. Атап айтқанда, Bus Rapid Transit (BRT) секілді жабық жүйеде пилотсыз автобустарды, сондай-ақ қарапайым және бақыланатын бағдарлар бойынша пилотсыз таксиді пайдалануға ынталандыру көзделген.

Ұсынылып отырған жобаға сәйкес, пилотсыз автобустар мен таксилер адам көп шоғырланатын (ауруханалар, мектептер, сауда орталықтары) жерлерге қатынамайды, деп жазады ChinaDaily.

Ережелер жобасында пилотсыз көлік құралдары 3 типке бөлінеді: шартты, жоғарыавтономды және толықтай автономды. Алғашқы 2 типінде жүргізуші-адам болады, ал толықтай автономды көлік құралына қашықтан басқаратын жүргізуші немесе қауіпсіздік инспекторы қажет.

Чжан Сянның сөзінше, Қытай пилотсыз көлік құралдары технологияларын әзірлеу мен пайдалануда жетекші ел болуды ұйғарды. Болашақша ел билігі компанияларды барынша көп қалаларда роботаксиді енгізуге және ел бойынша пилотсыз автобустардың географиясын кеңейтуге ынталандырмақшы.

Қазірдің өзінде бірқатар аймақта автоматтандырылған көлік құралдарына арналған ережелер пайдаланылады. Мысалы, 2022 жылдың 1 тамызында Шэньчжэньде пилотсыз автобустар мен такси жүретін жолдарды реттейтін талаптар күшіне енді. Ал 2022 жылдың шілдесінде Бейжіңде құлтемірлі автомобильдерді сынау үшін алаң іске қосылды.

28 сәуірде Бейжің Қытайда Baidu Inc және Pony.ai компанияларына роботакси операторының пилотсыз басқаруы туралы алғашқы шешімді берді. Қазір қала маңында 14 роботталған машина қатынайды. Олар жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан асырмайды. Әзірлеушілер жолаушыларды түсіріп-мінгізетін 70 пунктті айқындаған.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.08.2022, 15:16