Меню CARMA.KZ

Қытай электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады

Бейжің 2025 жылға қарай электромобильдерге арналған 700 мың қуаттау тағанын орнатады.

Қытай электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады / Фото: ixbt.com
Қытай электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады / Фото: ixbt.com

Бейжіңнің муниципалдық комиссиясы «Бейжіңде 14-бесжылдық кезеңінде жаңа энергия көздерімен жұмыс істейтін аккумуляторларды қуаттау мен ауыстыруға арналған нысандарды дамыту» деп аталатын электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту жоспарын жариялады. Жоспарда қаланы электромобильдерге арналған аккумуляторларды қуаттау және ауыстыру саласы бойынша дамыту ұсыныстары егжей-тегжейлі жазылған және жоспар 2021-2025 жылдар аралығында орындалмақ.

Аталған жоспар аясында 2025 жылға қарай Бейжіңде 700 мың аккумулятор қуаттайтын таған орнату көзделген. Оның 570 мыңы тұрғын аудандарда, 50 мыңы — мемлекеттік мекемелерде, 20 мыңы — коммерциялық мақсатта және 60 мыңы тұрғын емес аудандарда орналасатын болады. Сондай-ақ аккумуляторларды алмастыратын 310 пункт орнатылады.

Тұрғын ауданда екі баяу қуаттағышқа — бір жылдам қуаттағыштан, ал қалғандарында керісінше болады. Ал қуаттау тағандары арасында максималды ара-қашықтық 3 шақырымнан аспауы тиіс.

Жаңа инфрақұрылым тұтас қаланы қамтып және 2 млн электромобильге қызмет көрсетпек,  деп жазады CarNewsChina.

Сонымен қатар Бейжің электромобиль иелерін лизинг пен аккумуляторды жалға алуға ынтыландырмақшы. Қазір Қытайда электромобильді аккумуляторсыз сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Аккумулятор Wuhan Weineng Battery Asset Co компаниясының иелігіне беріледі. Компания сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Бір айға жалға алу құны 140 долларды құрайтын болады.

Қытайдың дилерлері электромобильдерді аккумулятормен де, аккумуляторсыз да сатып жатыр. Мемлекеттік қолдау шарасы кез келген жағдайда жұмыс істейді. Алайда аккумуляторсыз электромобильдің құны 10 мың долларға арзан тұрады.

Ербол Мухамбаев

Ербол Мухамбаев, корреспондент
10.08.2022, 15:55