«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» бір компанияға біріктірілді
Ол үшін ИИДМ арнайы қаулы жобасын әзірледі.
Қазақстанны Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор» жол компаниялары бір компанияға біріктірілетінін мәлім етті.
«Бүгін екі операторды біріктіру процесін бастадық. Жақын арада әкімшілік-басқару құрамын қысқарта отырып компанияның филиалдарын біріктіруді көздеп отырмыз», – деп жазды Қайырбек Өскенбаев өзінің телеграм-арнасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусымында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодор»-ды бір компанияға біріктіріп, олардағы штатты қысқартуды тапсырған болатын.
Мемлекет басшысының айтуынша, екі мекеме бірін-бірінің қызметін қайталайды. Алайда, қызметкерлер санының көптігіне қарамастан, азаматтардың жол сапасына қатысты орынды шағымдары азаятын емес.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
29.08.2022, 16:15